Балаларға арналған екі қабатты кереуетті жаңғыртамыз фото

Балалар бөлмесіне арналған идеялар: екі қабатты кереуетті жаңғыртамыз

Екі қабатты кереуеттің – екі балалы отбасы үшін өте тиімді шешім екенін ата-аналардың барлығы біледі. Бірақ сіз оны одан әрі жетілдіріп, кереуетті кітап сөрелерімен қиыстырсаңыз болады. Сонда сүйікті кітаптарыңыз әрдайым көз алдыңызда болады және көп орын босайды. Ең бастысы, екі қабатты кереуетті жаңғырту үшін көп шығын немесе күш қажет емес!


Сізге керегі

  • 18-мм фанер табақтары:
  • 2 бүйір панель 1800 х 600 мм
  • 1 қарсы панель 1800 х 960 мм
  • 1 астыңғы панель 1550 х 960 мм

                        2 жұқа қарағай тақтайлары 2400 x 144 х 22 мм

                        3 қарағай тақтайлары 1800 x 144 х 22 мм (сөре жасау үшін)

                        4 қарағай тақтайлары 1800 x 44 х 22 мм (бұрынғы сатының орнына терезе жақтаулары)

                        2 қарағай тақтайлары 1800 x 69 х 22 мм (әрлеу үшін)

Қосымша тауарлар:

  • ± 50 бұрама шеге, 40-мм
  • ағашқа арналған желім
  • 8-мм алюминий біліктері
  • Егеуқұм қағазы
  • Ағаш сылағыш
  • Төсеме бояу
  • Судың негізінде жасалған эмаль

Құрал-саймандар:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • Бұрандалы шеге айналдырғыш бұрғы
  • Өлшеуіш
  • Сызғыш
  • Қол ара
  • Жаққыш

1-қадам. Жалықтырып жіберген сатының орнына терезе жасаймыз. 1800 х 600 мм  2 фанер табағын алып, оларға терезенің пішінін белгілейміз. Сосын терезелерді аралап шығару оңай болу үшін бұрыштарына кішкентай тесік бұрғылаймыз.

2-қадам. Терезелерді қол арамен аралап шығарамыз.

3-қадам. Тегіс квадрат жасау үшін алдымен бұрыштарды жартылай шеңбермен ойып алып, сосын тік бұрышқа дейін аралап жіберуге болады.

  • 4-қадам. Жақтауларды бұрандалы шеге айналдырғыш бұрғының, бұраманың және желімнің көмегімен терезеге саламыз.
  • 5-қадам. Астыңғы сөрелерге көшеміз. Бұрандалы шеге айналдырғыштың көмегімен екі тақтайдың арасында 5 кітап сөресін бекітеміз.
  • 6-қадам. Кітап сөрелерін фанер негізіне бекітеміз.

7-қадам. Әр сөре негізінің төбесінен 8 мм тесіктерді бұрғылап, оларға алюминий біліктерін саламыз. Олар кітаптарды сөреде ұстап тұруға көмектеседі.

8-қадам. Бұрандалы шеге айналдырғышпен кітап сөрелерін кереуетке бекітіңіз.

9-қадам. Кереуетті өзге жабдықтармен үйлесетін түске бояңыз. Ол үшін алдымен бетін төсеме бояумен әрлеңіз. Содан кейін кептірілген тақтайларды сылап бітеңіз. Эмальды жақпас бұрын дайындалған бұйым бетін егеуқұм қағазымен шаңнан тазартыңыз (қатты баспай абайлап тазалаңыз). Бояуды 2-3 қабаттап жағыңыз.

Осымен бітті! Енді тек сөрелерге балаларға арналған әдемі кітаптарды қойып шықсаңыз болғаны!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс