Балалармен уақыт өткіземіз: папье-машеден жасалған ұсақ-түйек

Балалармен уақыт өткіземіз: папье-машеден жасалған ұсақ-түйектер

Бірнеше ескі журналды тауып алып, балаларыңызды жинап, бірге папье-машеден керемет ыдыс жасаңыз.


СІЗГЕ ҚАЖЕТ:

Үрленген шар, бірнеше ескі газет-журналдар, вазелин, тұсқағазға арналған желім және жаққыш.

КЕҢЕС: Ұны бар ыдысқа жарты кесе су қоса отырып, өз бетіңізбен клейстер дайындай аласыз. Оларды біркелкі болғанша араластырыңыз, кастрөлге құйып, қоспа қоюланғанша ақырын отқа қайнатыңыз. Клейстердің тұсқағаз желімі сияқты ұзаққа жарамайтынын ескеріңіз, сондықтан ұзақ сақталатын зат жасаймын десеңіз, одан да нағыз желімді сатып алыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

1-ҚАДАМ. Шарды үрлеп, түсіп қалмайтындай шағын тегешке немесе кесеге салып қойыңыз да, оған жұқа қабаттап вазелин жағыңыз. Жарты шарға тұсқағаз желімін жағыңыз да, оған газет қағаздарынан жасалған жолақтарды жабыстырыңыз. Жолақтарды қағаздан кесіп алғаннан гөрі жыртып алған дұрыс. Жолақтарды бір-біріне сәл қабаттастыра жабыстырыңыз, астында ауа қалмайтындай тегістеп сипап отырыңыз.

1

2-ҚАДАМ. Үрдісті үш қабатқа дейін жалғастыра беріңіз. Олар әбден кепсін, одан кейін тағы үш қабат қосыңыз. Бұйым толығымен кепкенде шарды тесіп, оны алып тастаңыз. Тегештің жиектерін қайшымен қиып, тегістеңіз.
2

3

3-ҚАДАМ. Дайын бұйымды әшекейлеу үшін үстіңгі қабатты ашық түсті комикстерден, түрлі түсті қағаздан немесе тағы бір қызық заттардан жасап қосыңыз.

4

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс