Таза ауада балалармен ойнайтын 5 белсенді ойын

Таза ауада балалармен ойнайтын 5 белсенді ойын

Табиғат аясында қимыл ойындары – бұл тек көңілді ғана емес, сонымен қатар пайдалы! Олар дене жаттығуларының тамаша баламасы бола алады және сіз бен балаларға тамаша күйде болуға және керемет көңілде жүруге көмектеседі!


Әр апта сайын балалармен табиғатқа шығуды дағдыға айналдырыңыз, әрқашан жаңа қызық ойынды таңдаңыз:
Лапта
Өте көне орыс ойыны: қазбаларға сүйенсек, бұл ойынды Русьте XIV ғасырлардың өзінде ойнаған. Бүгін де ол өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Лапта бейсбол мен крикет ойындарына ұқсас, бірақ ережесі әлдеқайда жеңіл. Сізге доп пен ағаш тоқпақ қажет болады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Ойын мақсаты – тоқпақпен соға отырып, допты конның көрсетілген сызығынан мүмкіндігінше асыру керек, соғушы ойыншы аяғына дейін жүгіріп, қайта қайтады, ал қарсы команда ойыншылары допты ұстап үлгеріп, оны жүгіріп келе жатқанға тигізуге тырысады. Тамаша жаттығу!
Волейбол
Ескірмейтін классика үлкен компанияға керемет жарасымын табады. Егер топта кішкентай балалар көп болса, ойынды пионерболмен алмастыруға болады, яғни, допты қақпай, керісінше, ұстап алу қажет. Айтпақшы, тартылған торы бар алаңды іздеудің қажеті жоқ. Ағаштар арасында тартылған арқанмен де ойнай аласыз..

Кедергілер жолағы
Бұл жерде қиялдауға тура келеді, барлық қиялыңызды іске қосуыңыз керек. Оған қолда не бар –  барлығын қолдануға болады: арқанды керіңіз, шөркелер мен тырбиған ағаштарды жайып қойыңыз, шеңберді қазып орнатыңыз және шұңқырларды қазыңыз. Сіздің мақсатыңыз – жүгіруге, секіруге және еңбектеуге болатындай көптеген әр түрлі кедергілерді ойдан шығару.

Бадминтон

Бадминтон кереметі сол кең жазық жерде де, аулада да ойнауға болатыны. Әжелер мен аталардың немерелерімен ойнайтын керемет ойыны. Көп жүгірудің қажеті жоқ, бірақ жаттығу жасау қажет!
Қазына аңдығандар

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Саяжайда немесе үлкен алаңда барлық отбасымен ойнайтын тамаша ойын. Жетекшісі шартты аумақта қандай да бір затты тығып қояды. Ал команда белгілі бір уақыт ішінде оны табуы тиіс. Яғни, асықпай жан-жақтан іздей алмайсың, жүгіріп жүріп, тез табу керек!

Спортпен шұғылдану өте көңілді бола алады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.