Жазда таза ауада балалармен ойнайтын ойындар

Таза ауада ойнайтын балаларға арналған ойындар

Ауа райы жылынғанда ата-аналар балалармен таза ауада көбірек уақыт өткізгісі келеді. Аулада, саябақта және саяжайда балаларды қалай ойнатып, уақыт өткізуге болады?


Біздің бала кезімізде ойнаған 4 ойынды еске түсіріп, балаларға соны үйретуді ұсынамыз.

Жерден кім жоғары

Қайда ойнайды: аулада, саябақтың балалар алаңшасында

Қанша ойыншы қатысады: 4 және одан көп

«Жерден кім жоғары» – бұл салки ойынының (жүгіріп бара жатқан ойыншыға доп лақтырып тигізу немесе қуып жетіп қол тигізу керек) бір нұсқасы. Ойын шарты келесі: аяғы жерге тиіп тұрғандарға ғана доп не қол тигізуге болады, ал аяғы жерге тимей тұрса – болмайды. Ойыншылар баспалдақтан сырғанаққа қарай, орындықтан асылуға болатын ағашқа қарай қашады, ал жүргізуші оларды жер басып жүргенше қуып жетуі керек. Егер ойыншылардың барлығы бір уақытта жер баспай тұрса, онда кез келгеніне қол не доп тигізуге болады.

Казактар мен қарақшылар

Қайда ойнайды: аулада, саяжайда

Қанша ойыншы қатысады: 6 және одан көп

Барлық балалар екі командаға бөлінеді – казактарға және қарақшыларға.

Қай аймақта ойнайтынын келісіп алады, оған қоса зындан орнын да анықтап алады. Әрі қарай казактар теріс қарап, 30-ға дейін баяу санайды. Ал қарақшылар бұл уақытта кез келген бетке – үй қабырғасына, орындыққа, ағашқа, жерге бормен өз жолдарын бағыттайтын меңзер белгісін сызып жүріп қашады. Казактар шынымен сығалап қарамай 30-ға дейін санайды да, қарақшыларды іздеуге барады. Ол үшін олар меңзер белгілерін іздеп, қарсыластың стратегиясын білуге тырысады. Командалар бірге немесе бөлек болып әрекет ете алады. Егер қарақшы ұсталса, онда казактар оны зынданға апарады да, «қызыл белгі, ешкім қашпайды» деген сөзбен сонда қалдырады. Сосын басқа қарақшыларды іздеуге кіріседі. Қарақшылар зынданға білдіртпей кіріп алып, «жасыл белгі, қашуға болады» деген сөзбен өз ойыншысын құтқара алады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Барлық қарақшыларды ұстағанда казактар оларға алдын ала жасырылған құпия сөзді қинап айтқызады. Қарақшылар шын құпия сөзді, ал кейде өтірік құпия сөзді айта алады, егер казактар құпия сөздің дұрыс немесе бұрыстығын тапса, жеңеді. Егер таппаса, онда жеңіледі.

Жеуге жарайды, жеуге жарамайды

Қайда ойнайды: саябақта, аулада, саяжайда

Қанша ойыншы қатысады: 2 және одан көп

Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе, ойыншылар көп болса, айнала тұрады) да, бір-біріне доп лақтыра бастайды. Допты әр лақтырған сайын сөз айтылады. Егер айтқан зат жеуге жарайтын нәрсе болса, допты ұстап алу қажет, ал егер жеуге жарамайтын болса, онда лақтырған адамға қағып қайтарып жіберу керек. Кім бір де бір рет қателеспесе, сол жеңіске жетеді.

Сақина-сақина

Қайда ойнайды: аулада, саяжайда, саябақта

Қанша ойыншы қатысады: 5 және одан көп

Ойыншылар бір қатарға тұра қалады да, алақандарын «қайық» түрінде қусырып, іш деңгейінде ұстап отырады. Жүргізуші алақанын тура солай жинайды, бірақ оның қолында сақина (немесе тиын) жасырынады. Ол кезекпен барлық ойыншыларға келеді де, алақандары арасынан қолын өткізеді. Барлығын 2-3 рет өткенде жүргізуші: «Сақина-сақина, келіп кетші қасыма!» деп айтады. Қолында сақинасы бар ойыншы қатарларынан ытқып шығуы керек. Ал басқа ойыншылар сақина кімде екенін тауып алып, оған шығуға кедергі болуы тиіс. Егер «сақина» алдыға қарай шығып үлгерсе, ол жүргізуші болады.

Бала кезде ойнаған қандай қимыл ойындары есіңізде бар?

Құттықтаймыз,

Сіз соңғы пазлды таптыңыз, анкета сұрақтарына жауап беріңіз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Казахстаннын. Сулу жерлеринде демалу. Менин арманым

  • Шағымдану