Ескі жиһаздан жаңасын қалай жасаса болады

Ескі комодтың екінші өмірі

Сіздің комодыңыз бөлмеге көрік берудің орнына ашуыңызды келтіре ме? Әлде әжеңізден қалған ба? Ескіргендіктен оны қоқысқа тастайтын уақыт келген жоқ па? Асықпаңыз, қолыңызға нағыз қазына түскен болуы мүмкін! Ең бастысы: раритетті өз қолымен дизайнерлік өнер туындысына айналдыру әркімнің қолынан келеді!


№1 тәсіл: бояймыз

Егер комод ағаштан жасалған болса және үйіңізде бұрыннан қалған бояу қалдықтары бар болса (немесе сатып алуға артық ақшаңыз бар болса), комодқа жаңа өмір берудің ең қарапайым жолы – оны жаңа түске бояу. Әсіресе комодтың түсі жаңа тұсқағаздың түсімен үйлеспейтін болса немесе жиһаздық ерекшелігі көз тартпаса.

Комодты бір түске бояп қана қоймай, бірнеше бояуды араластырып бояуға, гранж немесе модерн стиліндегі элементтерді салуға болады. Сурет сала алмайсыз ба?! Кубизм стилін пайдаланыңыз! Түрлі түсті квадраттарды тіпті балалардың өзі сала алады. Айтпақшы, бұл іске балаларыңызды да тартсаңыз болады – оларға бұл қызықты ойын деп түсіндіріңіз (шын мәнінде солай емес пе?).

Кепкен соң ежелгі замандағыдай микрожарықтарды құрайтын арнайы бояулар да бар. Бәріне антикварлық дүкенде болғаныңыз туралы және сіздің комодыңыз – Тюдорлар дәуірінен қалған сувенир екендігі туралы батыл айта берсеңіз болады.

Қажымайтындар үшін

Бояу жақсы сіңетін лакталмаған ағаш комодтарды да ескі кейпінен жаңа күйге айналдыруға болады. Егер комодыңыз лакталған немесе боялған болса, алдымен бұрынғы бояуды кетіргеніңіз жөн. Ол үшін сізге егеуқұм қағазы мен сылақ қажет. Бұрынғы лак пен бояу қабатын алып тастап, түйірлері ұсақ егеуқұм қағазымен қырнап жіберіңіз. Сылақтың көмегімен бұйымның бетін тегістеңіз де, бояуға кірісе беріңіз.

Еріншектер үшін

Егер ескі жиһазды қайда жіберетініңізді таппай жатсаңыз және онымен әуреленуге ерінсеңіз, ал жаңа комодты бәрібір алғыңыз келсе, кез келген ою салынған трафарет алыңыз да (өзі жабысатын қағаздан жасап алсаңыз болады), трафаретті комодтың бетіне жапсырып, үстінен түрлі-түсті аэрозоль шашыңыз. Бояу кепкен соң қағазды алып тастап, жаңа түрінен рахат алыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

№2 тәсіл: ескіртеміз

 Ескі жиһазды жақсартудың тағы бір жолы – бұл оны... бұрынғыдан да қатты ескірту. Бұрыштары мен беттерін қолыңызға түскен нәрсемен ысқылаңыз, күңгірттеу немесе ашықтау бояумен ластаңыз. Нәтижесінде винтаж стиліндегі жиһаз пайда болады.

№3 тәсіл: күйдіреміз

 Кереуеттің астынан пирограф-күйдіргіші (шашқа арналған қыстырғышқа ұқсайды) бар қорапты шығарып алыңыз да, іске кірісіңіз! Қандай да бір көркемдік дарыныңыз бар болса ескі комодтың бетіне нағыз өнер туындысын салу сіз үшін аса қиын болмайды.

№4 тәсіл: бөлшектерін ауыстырамыз

Ескі зат жаңа затқа ұқсап тұру үшін кейде кейбір бөлшектерін ауыстырудың өзі жеткілікті. Мысалы, ескі комодтың тұтқаларын алайық. Бұны өз қолыңызбен жасай аласыз. Тұтқаны, мысал үшін, қара металдан жасалған жаңа тұтқаға ауыстырып, оған алтын түстес аэрозоль шашып қойсаңыз болады. Мұндай ескілікке ұқсатылған тәсіл өте бірегей және жаңа болып көрінеді.

 Ескі жиһазбен жұмыс жасап көріп пе едіңіз? Оны қалай әдемілеуге болатынын білесіз бе? «Мақала жазу» батырмасын басып, өзге пайдаланушылармен өз идеяларыңызбен және кеңестеріңізбен бөлісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс