Спорттағы жеңілістер: балаға ұтылуды үйрету

Спорттағы жеңілістер: балаға ұтылуды үйрету

Өмірдің кез келген басқа саласындағыдай, спортта да жетістік әрдайым сәтсіздікпен алма кезек жүреді. Біз бұны өзгерте алмаймыз, бірақ бұған басқа көзбен қарай аламыз. Сіз өз балаңызды лайықты жеңілуге қаншалықты ерте үйрететін болсаңыз, оған да өмір сүру және әрі қарай жоғары нәтижелерге қол жеткізу соншалықты оңай болады. Біз Сізге арнап, жеңіліске төзу үшін балаға қалай көмектесуге болатындығы туралы бірнеше ұтымды кеңес жинадық.


Баланың сезімдерін құнсыздандырмаңыз
Жиі жағдайларда ата-аналар мен жаттықтырушылар: «Бұл түк те емес! Қайғыратын нәрсе тауыпсың!» дей отырып, баладан сәтсіздікке көңіл аудармауын талап ету арқылы стратегиялық қателікке жол береді. Бірақ баланың көңілі түсті және біз оның сезімін басқа жаққа оңай бұра алмаймыз. Алайда біз оған: «Иә, сенің не сезіп отырғаныңызды білеміз, жеңілген әрдайым жағымсыз болады. Бірақ сәтсіздіктер саған жеңістің дәмін толығымен сезуге көмектеседі» дей отырып, оған қолдау көрсету арқылы мұндай түңілуді жеңіп шығуына көмектесе аламыз. Және де уәждемені жоғалтпастан жаттығуларды жалғастыру керек.

Әрдайым баланың жағында болыңыз
Еш жағдайда баланы ұрыспаңыз және одан түңілген сыңай танытпаңыз. Иә, Сіз оның қолынан көбірек нәрсе келетінін білесіз және келесі жолы жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін оған көмектесесіз.

Қателіктерді бірге саралаңыз
Жеңілістер – жаттығулардың аса маңызды кезеңі. Баланың қай жерде қателікке жол бергенін және келешекте бұны қалай түзетуге болатынын бірге ойланыңыз.

Жігерлендіретін мысалдар келтіріңіз
Жетістікке жеткен барлық спортшылар өкінішті қателіктер мен жеңілістерді бастан өткізген. Баланы уәждеу үшін міндетті түрде оларды мысал ретінде келтіріңіз. Сіз олардың балалық шағын еске түсіре алсаңыз өте жақсы болар еді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жаттықтырушымен сөйлесіңіз
Бала мен жаттықтырушының арасында жылы әрі сенімді қарым-қатынастың болғаны аса маңызды. Егер Сізге олай емес болып көрінсе, бұл жағдайды түзету керек немесе жаңа ұстаз іздеу керек.


Дұрыс мақсаттар қойыңыз
Қателіктерді саралап шыққаннан кейін Сіздер оларды түзету үшін нақты жоспар құра аласыздар. Егер бала бірден жұмысқа кірісетін болса, оның қамығуға және күйзелуге уақыты болмайды.

Қателіктер мен жаттығуларға деген көзқарасты өзгертіңіз
Қателіктер мен әбестіктер – дамудың қажетті элементтері. Егер спортшы бәрін мінсіз жасайтын болса, ол дамуды және өз машықтарын жетілдіруді тоқтатқан болады. Осыны балаға айтып түсіндіруге тырысыңыз.

Сізге және балаңызға спорттағы барлық белестерді бағындыруды тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.