Жаңа жылдық дастарханды әрлеу. Ең бастысының бәрі

Жаңа жылдық дастархан: асыра сілтемей, қалай әдемі қылуға болады

Жаңа жылдық дастархан – бұл тағамдар жиынтығы ғана емес. Маңызы шыршаныкінен аз емес декор элементі, және қарап тұрсаң, өз алдына өнер туындысы. Оны қонақтар таң қалатындай қалай істесе болады?


Ең бастысы

Мерекелік дастарханның сәнін келтіретін ең алдымен оның жаулығы. Әрине, жаңа жылдық дастарханға арналған дайынын сатып алуға болады, бірақ оны өз қолыңызбен тігіп алғаныңыз әлдеқайда қызық. Классикалық – қою қызыл, күңгірт жасыл және алтын түстерді аламыз. Немесе күмісті көк түсті алсақ болады. Бір нұсқа ретінде контрастілік тоқыма баумен негізгі матаны периметрі бойынша тігеміз. Қою қызылға алтын түсті жасыл, жасылға – алтын түсті қою қызыл, көк түске – күміс тоқыма бау қажет. Мата қызыл түсті болмауын назарға алыңыз, әйтпесе сіздің мерекелік дастарханыңыз жасы үлкен туысқандарға партиялық жиналыс өткізген кездерді еске түсіретін болады.

Дастархан жаулығының бұрыштарын әсем банттармен, қоңыраулармен немесе шырша шариктерімен безендіруге болады. Жиынтыққа түсі контрастілік майлықтарды тігіп қойсаңыз болады, жай ақ түстісі де жарайды, бірақ оны қытырлап тұратындай крахмалдап қою керек.

Тепе-теңдік

Дастархан шамадан тыс толы болмас үшін және онда тамаққа орын қалатындай, бір басты әшекейді және бірнеше кішкентайын жасаймыз. Жаңа жыл – бұл дастарханға гүл қажет болмайтын жалғыз мереке. Оларды мерекелік икебанамен алмастыруға болады.
table

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Икебананы жасау үшін бізге әйнектен жасалған кең ваза немесе үлкен терең тегеш, жасанды қар, алдын ала бояғыш баллонмен күмісті немесе жасыл түске боялған (ас жаулыққа қандай түс таңдағаныңызға қарай) бүршіктер, шырша шарлары керек болады. Мүмкіндігінше шарлар жылтыр болғаны дұрыс, ал әйнек болса тегі жақсы, өйткені пластмассалық күңгірт ойыншықтар әсерсіз болып көрінеді және бүкіл композицияны бұзып тұрады. Жаңа жылдық икебананы жасау үшін тағы жылтырақтар керек, олар үстелдің жалпы реңкіне сәйкес келуі тиіс. Енді қабат-қабат етіп вазаға барлық композицияны саламыз. Жылтырақтар, жасанды қар, бүршіктер, қайтадан қар, шырша шариктері. Оларды соңынан саламыз, өйткені олар гирлянда жарығымен әдемі жылтырап тұрады. Қалауыңызша бірнеше шағын балғын шырша бұтақтарын да қосуға болады.

Жарық болсын!

Шамсыз жаңа жылдық дастархан қандай болсын. Хрусталь шам қойғыштарда ұзын шамдар көркем, әрі мәртебелі болып көрінеді. Егер қол астында бір-екі шам қойғыш болмаса, үстел бойымен анда-мұнда етіп, он шақты кішкентай шамды шашыратып қойсаңыз болады. Немесе балалар дүкенінде шамды дайындауға арналған жиынтықты сатып алуға болады. Әдетте, осындай жиынтық мөлдір стақандардан, бақалшықтардан және басқа ұсақ әшекей заттардан, білтелерден және мөлдір гельден тұрады. Олар көз жауын алатындай әсем көрінеді, бірақ бақалшықтарды ашық түсті моншақтармен алмастыруға болады, олар кішкентай шырша шариктері сияқты көрініп тұрады. Мұндай шамдар үлкен болып шықпайды, сондықтан бірнеше жиынтықты сатып алған дұрыс.

Ең маңыздысы

Әрине, мерекелік дастархандағы ең маңыздысы – кристалды мөлдір түске дейін тазартылған хрусталь, жарқырап тұратын, мұнтаздай таза ас үй саймандары және нағыз жаңа жылдық сусын – мұздай ұшқынды шампан болып келеді. Жылдың басты түні сізге тек дәмді болып қана қоймай, сондай-ақ, әдемі де болсын!

Жаңа жыл түнінде дастарханды қалай безендіретініңізді ойластырдыңыз ба? «Мақала жазу» батырмасын басып, өз ойларыңызбен бөліссеңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс