жылқы құйрығы негізіндегі шаш үлгілері

Қытай мәнерінде жасалған жылқы құйрығы

Әдеттегі шаш үлгілері жалықтырып жіберді ме? Онда жылқы құйрығының негізінде жасалған мынандай шаш үлгісі – сіздің таңдауыңызға айналады! Бұл көп деңгейлі жылқы құйрығын Қытайда ойлап тапқан. Ол өрілген білезікке ұқсас және сіздің кез келген кейпіңізге жарасып кетеді, балғындық, жеңілдік және көріктілік қосады!


Бір қарағанда, шашты жылқының құйрығына ұқсатып өру өте қиын сияқты, бірақ бұл мүлде олай емес және оған қазір өзіңіз көз жеткізесіз.

Сізге керегі:
• Ылғалдандырғыш сусабын
• Екі резеңке
• Қылшақты тарақ
• Жай тарақ

Бірінші қадам: 
Басыңызды ылғалдандырғыш сусабынмен жуып, фенмен кептіріңіз де, шаштарыңызды бір жағына қарай тарап, буып қойыңыз.

Екінші қадам:
Кішкентай бір тұтам шашыңызды алып, оны ілмекті түйін жасап, бұрымыңыздың айналасына ораңыз.






Үшінші қадам:

Келесі тұтам шашты алып, алдыңғы әрекетті қайталаңыз. Бұл бақбақтан алқагүл өргенге ұқсас. Тұтамдардың бір-бірінен шамамен бірдей ара қашықтықта болуын қадағалаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Төртінші қадам:

Бұрымды ең соңына жеткенше ұстап тұрыңыз да, сосын оны резеңкемен бекітіп қойыңыз. Шаштарыңыздың ұштары түбіттеніп, жасалған шаш үлгісінен шығып кетпеу үшін оларды шаш сәндеуге арналған гельмен сипап тегістеуге болады.

Міне, шаш дайын! Енді сіз ерекше көп деңгейлі жылқы құйрығын қалай жасау керектігін білесіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.