Карнавалдық костюм

Бүкіл отбасының велосипедпен серуендеуі

Велосипед – бұл уақыт өткізудің әдісі ғана емес, сонымен қатар тамаша қатынас құралы екені мәлім. Велосипедті қалай теуіп, баланы қалай мінгізуге болатынын осы жерден біліп алыңыз.


Велосипед – бұл уақыт өткізудің әдісі ғана емес, сонымен қатар тамаша қатынас құралы екені мәлім. Демалысыңыз белгілеген жерге жеткен кезде емес, үйден шыға сала басталады. Велосипедпен серуендеу көптеген жағымды әсер беру үшін оған жақсылап дайындалу қажет, әсіресе барлық отбасымен шығуды жоспарлаған болсаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Алдымен балалардың қалай баратынын біліп алу қажет. Егер олар велосипедті басқара алатын болса, онда оларға өздігінен велосипед тебуге мүмкіндік беріңіз. Ал кішкентай балаларға тасымалдаудың сенімді құралын ойлап табу қажет. Ең кең қолданатын нұсқа арнайы кресло болып табылады. Олар екі түрге бөлінеді. Руль мен отырғыш арасында бекітілетін және велосипед артында бекітілетін кресло түрлері бар. Велосипедті басқаруға келсек, артқы отырғыштарды қолдану ыңғайлырақ болады. Баланы көре алмайсыз, бірақ есесіне жолды жақсы көретін боласыз. Кресло берік материалдардан жасалып, құлаған жағдайда баланы қорғайтын биік арқалығы болуы тиіс.

Кейбір ата-аналардың баланы велосипедпен тасымалдағанда слингке салып (баланы алып жүруге арналған матадан жасалған иыққа асатын құрал) жүруге батылдары жетіп жатады, бұны жасамаған дұрыс. Өзіңіздің омыртқаңызға  қосымша жүктеме ауырлық етпесе де, қауіпсіздікті ұмытпаңыз. Мүмкін сіз ешқашан құламайтын шығарсыз, бірақ машинамен кенет соқтығысудан ешкім сақталмаған. Бізге сеніңіз – баланы денеңізден гөрі кресло жақсы қорғайды.

Тасымалдаудың тағы бір амалы бар – велотіркемелер. Олардың кемшілігі құны және габариттердің, дәлірек айтқанда, велосипедіңіздің ұзындығының артуы болып табылады. Ал артықшылығы тіркемеде салмағы 30 кг дейінгі балаларды тасымалдау мүмкіндігі болып табылады, ал кресло болса, 16 кг аспайтын салмақты тасымалдауға ұсынылған. Одан басқа, бала жол жүргенде өзін белсенді жүргінші сезіне алады, өйткені тіркемелер жұмыс тепкіншектермен жабдықталған.
Ересек адамдарға қарағанда балаларға бағдардың соңғы нүктесіне жету қажет болады. Жолға тоқтаусыз қозғалу үшін шығып, кейін үйге қайта оралу балаларға қызық болмайды. Жағажайға баратындай немесе көкке шығуға болатындай әлдебір көркем жерге жететін бағдар ойластырыңыз.

Ал былайша алғанда, баламен велосипедпен серуендеу ересек компаниямен жолға шығудан аса ерекшеленбейді. Міндетті түрде суды, ылғалды майлықты, жүрек жалғайтын тамақты, отырып демалатын төсенішті, күнге күюге арналған кремді, құрал-саймандардың шағын жиынтығын, дәрілік қобдишаны және қосалқы камераны алыңыз. Киетін киім мен аяқ киімді де ойластырыңыз. Арнайы жабдықтаудан қолды қажамау үшін қолғапты, көзге шаң мен шыбын-шіркейлер түспеу үшін көзілдірікті алуға болады, және ең бастысы, дулыға киюді ұмытпаңыз!

Қалай, дайын болдыңыз ба? Онда аттанайық!

Құттықтаймыз, Сіз yшінші пазлды таптыңыз

Төртінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс