Қазақстанның қай жерінде демалуға болады: саяхат үшін 7 керемет орын

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады: саяхат үшін 7 керемет орын

Егер де отаныңда танып үлгермеген, бәрімізді асыға күтіп тұрған таңғажайып жер өте көп болғанда, басқа елге барудың қажеті қанша? Қазақстанда демалысты керемет өткізуге болатын өте ғажайып және жайлы жерлерді сіз үшін топтастырып қойдық.


Бурабай  

Бурабай курорт қалашығын шынында  да «қазақтың Швейцариясы» деп атайды. Ол бірегей табиғи таулы-орманды кешенде орналасқан және барлық жастағы туристерді қызықтырады. Әркім бұл жерде өз талғамына сай жер табуы мүмкін. Біреуге Көкшетау тауына серуендеу ұнаса, кейбіреулеріне таза көк-жасыл түсті Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріндегі жағажай демалысы жағымды, тағы біреулері жоғары минералды хлорлы-натрийлі-магний суы бар шипажайда денсаулығын жақсартқысы келеді.

«Сарыағаш» курорты

Аталған курорттың  емдік минералды суы бүткіл әлемге мәлім. Бірақ оны дәл бұлағынан ішкенмен теңесетін нәрсе бар ма? «Сарыағаш» курорты Көктерек кентінің бақша-саябақ сілемінің алқабында орналасқан және Қазақстандағы ең танымал шипажай  мекемелерінің бірі болып саналады.

«Алуан түсті» Алакөл көлі

Жоңғар қақпасы асуына жақын, көлге тура таяу жерде екі әсем курортты қалашық: Қақанбай және Барлық-Арасан орналасқан. Бір кездері осында ғарышкерлер сауықтырудан өткен, ал қазір Алакөлдің емдік хлорлы-натрийлі суы Қазақстанмен қатар Ресейдің және Қытайдың халқын қызықтыруда. Бұл курортты дайверлер де қатты жақсы көреді – көлдің суы өте мөлдір. Егер сәті түссе, жағадан және шағын аралдардан сирек кездесетін қызғылт бірқазанды жолықтыруға болады.

Баянауыл

Бұл климаттық курорт Павлодар облысындағы өзімен аттас ұлттық саябақтың аумағында орналасқан. Қазақстан мен Ресейдің барлық түпкірінен ағылатын туристер таулар, ормандар, көлдер, үңгірлер, сарқырама, шатқалдарды және ежелгі жартасқа салынған суреттерді тамашалап, рахаттанады. Аса үлкен Торайғыр және Жасыбай қорық көлінің жағасында келушілерді жыл бойы күтіп алуға дайын шипажай мен демалатын жайлы үйлер орналасқан.

«Рахманов бұлақтары»

Бұл курорттың тарихы өте қызық. Аңыз бойынша оның емдік сульфатты-гидрокарбонатты натрий-магнийлік бұлағын шаруа Рахманов 1793 жылы тапқан екен. Ол өзі жаралаған бір марал бұлақтың біреуіне шомылып, айығып кеткенін байқаған. Шипажай Қазақстанның шығысындағы Алтай тауларының  жүрегінде Қатон-Қарағай табиғи саябағының аумағында орналасқан.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Балқаш

Жағажай демалысын, желкенді спортты және спорттық балық аулауды жақсы көретіндер әлемдегі ең ірі (ұзындығы 614 шақырым) ағынсыз су айдынының жағасында

демалғанды ұнататыны анық. Таңқаларлығы, Балқаш көлінің  батыс бөлігінде – тұщы, ал шығысында – тұзды су. Сондықтан оның жағаларындағы табиғат қарама-қайшылықтармен ерекшеленеді.

Алматының маңайы

Әрине, ғажайып әдемілігімен әлемнің әр түпкірінен туристерді тартатын Қазақстанның «Оңтүстік астанасының» маңайын айтып кетпесек болмайды:

Іле Алатауы – Тянь-Шаньның солтүстік-батысындағы тау жоталары. Белсенді демалысты ұнататындар оның шыңдарын бағындырса, Алатаудың орталық бөлігіндегі табиғи қорықтың қылқан жапырақты орманы тыныштықты қалайтындардың көңілінен шығатыны айқын. Ал оның таза көлдері: Үлкен Алматы көлі, гүлге оранған алқап пен ормандар қоршауындағы Есік көлі және Іле Алатауы мен Күнгей Алатау жоталарының арасында орналасқан атақты Көлсай көлі ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны аян.

Шарын каньоны – Қазақстандағы туристер үшін ең әдемі, керемет және сүйікті жерлердің бірі. Оның қабырғалары күн батқан кезде жайнаған ашық қызыл реңге боялатын үлкен қатпарлы топырақтардан тұрады. Онда неғұрлым көп серуендеген сайын, үңгірлерді, тау қуысы мен айқұш-ұйқыш сызаттарды соғұрлым көбірек кездестіре бересіз.

Түрген шатқалы – барлық талғамға сай көрікті жерлерінің көптігімен көркем аймақ. Бұл жерден сіз сарқырамаларды, суы тәтті бұлақтарды және әуесқой балықшыларды қызықтыратын тау өзендерін кездестіре аласыз.

Ал сіз Қазақстанның қай жерінде демалуды дұрыс санайсыз? Өзіңіздің сүйікті жерлеріңізбен бөлісіңіз.

Құттықтаймыз, Сіз бірінші пазлды таптыңыз

Екінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

казахстаннын барлык. Жери. Маган унайды казахстаннын сулу жерлери коп кой ширкин. Мен шетелге бармай ак. Озимиздин. Сулу. Табигаты. Бар. Жеерлерди. Армандаймын рахман Колдери. Бурабайдын сулу ертегидей. Жерлери. Иле. Алатауы. Менин армандарым

  • Шағымдану

Шет елге барғанша оданда Ақтаудың теңізіның қасында демалған күшті деп ойлаймын.

  • Шағымдану