Киімді өзгертіп безендіруге арналған жібек раушандар — EverydayME

Жібек раушандарды өз қолымызбен жасаймыз

Ескі заттарыңызға жаңа өмір сыйлағыңыз келеді ме? Оларды бұрынғыдан да әдемі және таңдамалы еткіңіз келе ме? Мүмкін, сыйлық жасау үшін бірегей идея іздеп жүрген шығарсыз? Киімді сәндеу–қайта жасау үшін таңдаулы жібек раушан жасап көріңіз!


Сізге керегі:

  • Жібек мата (дайын ленталарды алсаңыз болады)
  • Жіп пен ине
  • Қайшы
  • Желім
  • Қалам
  • Сызғыш

1-қадам. Ұзын мата жолағын немесе дайын лента алыңыз да, сызғышпен 5 см белгілеңіз.
2-қадам. Ені 5 см және ұзындығы 90 см жуық лента кесіп алыңыз.

3-қадам. Лентаның жиегін жай тігіспен тігіп шығыңыз. Жіптің ұштары бос қалу керек. Жіптің бір ұшын тартып, лентаның бүкіл ұзындығын жиырыңыз.

4-қадам. Лентаның бір ұшына, тігістерден сәл жоғары жерге аздап желім жағып, лентаны ортасынан екі бүктеңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

5-қадам. Лентаны ортаңғы қауызды жасау үшін бір рет ораңыз, сосын оны бірнеше тігіспен немесе желіммен бекітіп қойыңыз. Раушанды ортаңғы қауызды айналдыра орап және желіммен немесе тігіспен бекітіп, әрі қарай жалғастыра беріңіз. Жұмыс барысында жасап жатқан ісіңіздің нәтижесін қадағалап отырыңыз. Раушан гүліңіз әдемі, әрі  ұқыпты болу керек.

6-қадам. Лентаңыздың шамамен 5 см бөлігі қалғанша гүлді орауды жалғастыра беріңіз. Гүлдің өзегін желімдеу немесе тігу қажет.

7-қадам. Қалған ұшын жайлап қиып алыңыз.

Іс бітті! Енді дайын раушан гүлдерді киімді және басқа да алуан түрлі заттарды қайта жасау үшін пайдалана аламыз.

Әйелдер сөмкесі 
Ескі сөмкеге бірнеше кішкентай жібек раушандарды тігіп қойсаңыз, оған жаңа әр бере аласыз.

Туфли ме, әлде балетка ма
Сізді балеткаңыз жалықтырып жіберді ме? Олардың әрқайсысына бір раушан гүлден жапсырып қойсаңыз болғаны!

Декоративтік жастық
Түстері әр түрлі бірнеше раушан гүлдерін жасап, жастығыңызға тігіп қойыңыз.

Біздің мысалдарымызбен шектелмеңіз, қиялыңызды қосып, әдемі жібек раушандармен нені безендіруге болатыны туралы ойланыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.