Маскарадты қалай ұйымдастырса болады

Үй маскарады!

Балалар киім ауыстырып, ойын ойнағанды, шағын үй көріністерін және маскарадтарды ұйымдастырғанды өте қатты жақсы көреді. Мұндай ойындар көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, сондай-ақ ой-өрісті және шығармашылық қабілеттерді тамаша дамытады, сонымен қатар, кез келген бала мейрамдарын одан бетер түрлендіре түседі.


90-жылдардағы танымал ашық түсті жасанды шашты ұмытыңыз! Оның орнына балалармен бірге ашық, әрі көңілді маскаларды жасаңыз.

Маскарадты қалай ұйымдастырса болады?

Мыналарды алыңыз:

 

  • көптеген түрлі түсті картон
  • скотч
  • қайшы немесе кеңсе пышағы
  • ұзын ағаш таяқшалар
  • қарындаш
  • және шамалы қиял
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бірінші қадам. Қарындашты алып, мұрты, ерні, темекі шегетін түтікшесі, көзілдірігі, мүйізі, шляпалары және т.б. бар бірнеше трафарет салыңыз.

Екінші қадам. Дайындап қойған трафареттерді түрлі түсті картон бетіне айналдыра сызып, ұқыптап қиып алыңыз.

Үшінші қадам. Скотчтың көмегімен маскаларға ағаш түтікшелерді жабыстырыңыз.

Төртінші қадам. Дайын болған маскаларды биік стақандарға немесе гүлсауытқа қойыңыз. Балалар мен қонақтар ұнайтын масканы өздері таңдасын.





Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.