Мейрам масыл болмас үшін

Мейрам масыл болмас үшін

Кешкі отырыстар мен мейрамдарда міндетті түрде ауыр, әрі майлы тамаққа тойып алу керек деп кім айтты? Келесі қонақ күткенде дәмді, әрі пайдалы асты дайындаудың бірнеше идеясын ұсынамыз.


Тіскебасарлар мен көкөністер

Төменде дүкендегілерге жақсы балама болатын жасұныққа бай тіскебасар тамақтың рецепттері берілген. Оларды дайындау қиын емес және алдын ала дайындап қоюға болады. Шағын сәбіз, балғын бұршақ, балдыркөк пен черри қызанағы сияқты балғын көкөністермен бірге үлкен тәрелкеге салып беріңіз.

Фета мен көктен жасалған салат

6-8 адамға

Дайындау уақыты: 20 минут

Құрамы:

  • 1 банка консервіленген ақ үрмебұршақ (суын төгіп, жуу қажет)
  • 3/4 стақан майсыздандырылған тәтті емес йогурт немесе айран
  • 8 ас қасық "фета" ірімшігі
  • Сарымсақтың 1 бөлігі
  • Лимонның жаңа сығылған шырыны, қалауыңызша
  • 3/4 стақан туралған көк (мысалы ақжелкен, жалбыз, аскөк, көк жуа және насыбайгүл)

Үрмебұршақ, йогурт, фета және сарымсақты блендерге салып, біркелкі қоспа болғанша араластырыңыз. Қоспаны жұмсарту үшін қалауыңызша тұзбен және ақ бұрышпен дәмдеңіз, аздап лимон шырынын қосыңыз. Көктен қосып, араластырыңыз. Табаққа салып, дастарханға қойғанша тоңазытқышта суытыңыз.

 

Ащы қызанақ хумусы

6-8 адамға

Дайындау уақыты: 20 минут

Құрамы:

  • 1 банка консервіленген ноқат (суын төгіп, жуу қажет)
  • Бөліп туралған маринадтталған қақталған 4 қызанақ
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • Сарымсақтың 2 бөлігі
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • Қалауыңызша ащы бұрыш тұздығы

         Барлық ингредиенттерді блендерге салып араластырыңыз. Тұз және қара бұрыш қосыңыз. Қалауыңызша ащы тұздық қосыңыз, бірақ абай            болыңыз: басында тағамның ащылығы онша білінбейді. Дастарханға қойғанша тоңазытқышта суытыңыз.
         Арқан балықтан жасалған тоңба
         Сары маймен әзірленген паштетке қарағанда, йогурт қолданылғандықтан тоңбаның майы аздау болады.
 6-8 адамға

Дайындау уақыты: суытуды санамағанда, 15 минут

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 Құрамы:

  • 2 шай қасық желатин
  • 1 стақан майсыздандырылған тәтті емес йогурт
  • 100 грам ысталған туралған арқан балық
  • 2 ас қасық ұсақ туралған көк жуа
  • 0,5 шай қасық ұсақ үккіштен өткізілген лимон қабығы
  • Безендіру үшін домалақтап туралған лимон кесектері
  • Крекермен немесе нанмен қоса беріледі.

          Желатинді 1-1,5 қасық суық суға езіңіз. Желатин «ерігенше» микротолқынды пешке салып қыздырыңыз. Желатинге аздаған йогурт қосып, араластырыңыз. Барлығын қалған йогуртқа құйып, жақсылап араластырыңыз.

Арқан балықты, көк жуаны және лимон қабығын йогуртпен араластырыңыз. Қалауыңызша тұз бен бұрыш қосыңыз. Қол блендерінің көмегімен қоспа біркелкі болғанша араластырыңыз. Ішіне тағамдық жұқалтыр төселген нанға арналған үш шағын қалыпқа құйыңыз. Бетін жауып, түні бойына тоңазытқышқа салып қойыңыз. Дастарханға қоярда тәрелкеге салып, үлдірін алып тастаңыз. Лимонмен безендіріңіз. Крекермен немесе жаңа піскен нанмен қоса беріңіз.

Жерорта теңізі халықтарының пешке піскен кішкене орамалары

Жерорта теңізі тағамдарының жүрекке пайдалы екені мәлім, өйткені олар Омега-3 көп қанықпаған май қышқылдарына бай.

30 орамаға:

Дайындық уақыты: маринадтауды есептемегенде 15 минут

Дайындау уақыты: 10 минут

Духовка температурасы: 200ºC

Құрамы:

  • 3 тауықтың төс еті
  • 1/3 стақан қақталған қызанақ қосылған песто тұздығы
  • 2 ас қасық зәйтүн майы
  • Қабығы алынған 4 үлкен цукини кәдіші
  • Көктен жасалған салатпен беріледі

Тауық етін «бір тістейтіндей» текшелеп тураңыз. Пестоны шамамен бір жарым қасық зәйтүн майымен араластырып, осы қоспаға туралған тауық етін малыңыз. Маринадталуы үшін тоңазытқышқа кем дегенде 30 минутқа қойыңыз.

Көкөністі тазалауға арналған пышақтың көмегімен баялдыны жұқа, ұзын жолақ етіп тураңыз. Қалған зәйтүн майын құйыңыз да, беті кедір-бұдыр қызып тұрған табада бір минут бойы қуырыңыз. Шамалы суыту үшін қойып қойыңыз. Сосын тауық етінің әр кесегін баялды тіліміне орап, май жағылған қаңылтыр табаға салыңыз.

Кем дегенде 10 минут пісіріңіз. Ораманы коктейльге арналған піспектерге бір не екі талдан шаншып қойыңыз да, көктен жасалған салатпен ыстықтай не суықтай беріңіз.

Дәмді, әрі пайдалы тағамның бірнеше керемет рецептін білесіз бе? «Мақала жазу» батырмасын басып, сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс