Наурыз мейрамын қалай дұрыс қарсы алу керек

Наурыз мейрамын қалай дұрыс қарсы алу керек

Міне, 5 мың жылдан астам уақыт бойы көктемгі күн мен түннің теңелген күні 22 наурызда әлемдегі ежелгі мейрамдардың бірі – Наурыз тойланып келеді. Жаңа жыл жақсы өту үшін, оны дұрыс қарсы алу керектігіне ата-бабамыз сенген болатын. Наурызға дәстүрлі дайындық мейрамға дейін бір апта бұрын басталады. Осы уақытта көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін біз тек үй-жайларымызды ғана емес, сондай-ақ ойларымызды да ретке келтіреміз. Әр күн – жаңа жыл жолындағы кезекті баспалдақ деп саналатын. Ата-бабамыз мерекелік аптаны қалай өткізді және бүгінде қандай дәстүрді қолға алуымызға болады? Наурыз мейрамын қалай қарсы алуға болатыны туралы біздің мақаламыздан біліңіз.


13 наурыз
Бұл күні үйде балғын гүлдер пайда болуы керек: қызғалдақтар немесе раушандар, себебі бұл көктемнің нышаны болып табылады. Сондай-ақ 13 наурызда жасы үлкен туыстарға амандасып барған жөн: дәстүр бойынша отбасының жасы кіші мүшелері туған-туыстың үлкендерімен өздері бастап барып амандасулары қажет, ал үлкендер баталарын беріп, жаңа жылда денсаулық пен өркендеуді тілейді. Наурызды тойлаудың алғашқы күні татуласу үшін лайықты уақыт.  

14 наурыз
Наурызды тойлаудың екінші күні – Табиғаттың жандану күні. Ертеде осы уақытта болашақтағы амандықтың белгісі ретінде жаңа ағаштар отырғызған, бұлақтар мен арықтарды тазартып, ескі киімдерді желдетіп алу және қайсысын қалдыру, ал қайсысын мұқтаж адамдарға беру керектігін шешу үшін оларды сандықтардан шығарған.

15 наурыз
Мерекелік аптаның үшінші күні – Тазару күні. Кез келген басқа маңызды оқиға сияқты Наурыз мейрамын да бәрін жинап, тазалап реттемей тойлау мүмкін емес. Дәстүрлі түрде үлкен тазалық жұмысы жүргізіледі, қажет емес заттар тасталады немесе тіпті өртеледі. Үйге тексеру жүргізуге және бүлінген немесе пайдаланылмайтын заттардан құтылуға жақсы себеп: осы жерде Сізге «бір жыл» ережесі қажет болады – егер зат бір жыл ішінде қолданылмаса, онда оны лақтырып тастайды.

16 наурыз
Молшылық пен тойдыру күні үй бикелері уақытының көп бөлігін дәстүрлі мерекелік тағамдарды, алдымен нан пісіру және наурыз-көже дайындаумен ас үйде өткізеді. Сондай-ақ осы күні барлығы бір-біріне қонаққа барады: әркім 7 есіктен кіруі, яғни, 7 үйге қонаққа баруы, және өзі 7 қонақ күтуі тиіс. Жеті санының қазақтар үшін киелі мәні бар және ол ғаламның шексіздігін білдіреді.

17 наурыз
Тілек тілеу күні таңертең 7 шелпек пісіруден басталады. Наурызды тойлаудың бесінші күнін қайырымдылық күні деп есептеген – мұқтаж жандарға садақа беруге, аш адамдарды тамақтандыруға, жақыныңа көмектесуге болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

18 наурыз
Мерекелік аптаның алтыншы күні Қайта жаңару күні, осы күннің басты белгісі – түрлі түсті құрақ көрпе. Үйіңізді көктемгі бастырмалармен, әдемі гүл тізбектерімен безендіріңіз, балаларыңыз сәйкес суреттер салып берсін. Егер қандай да бір жаңа жиһаз алуды жоспарлап келсеңіз, осы ойыңызды жүзеге асыру үшін 18 наурыз қолайлы күн. Және жаңа киім сатып алуды да ұмытпаңыз: Қайта жаңару күні шкафыңызда жаңа киім пайда болуы керек.

19 наурыз
19 наурызда әнге, күлкі мен шын қуанышқа толы Шаттық күні басталады. Бұл күні барлық ренішті ұмытып, татуластық құрметіне сыйлықтар сыйлайды. 

20 наурыз
Көктемнің үлкен мерекесінің алдындағы соңғы күн – Үйлесімдік күні басталады. Кейбір үйлерде ұн мен қант салынған табақты түнге қалдырады: сенім бойынша бұл түні үйге Қыдыр ата кіреді және табақта белгі немесе жазу қалдырады, сосын оны туыстардың үлкендері жорып береді. Жастар үшін 20 наурыз ерекше күн! Қыздар қызойнақ ұйымдастырып, таңды күтіп алу үшін түнде ұйықтамауға көмектескен жігіттерге арнап ас-шай әзірлеген. Ал жігіттер қыздарға кішігірім сыйлықтар сыйлаған. Егде адамдар өздерінше әңгіме-дүкен құрып, түнді дастархан басында өткізетін.

21 наурыз
Таңсәріде күн мен Наурыз мейрамын – жаңа жылды қарсы алу үшін барлығы үйлерінен шығады. Бұл күн мерекелік сайрандаумен, достармен кездесумен, бірін бірі құттықтаумен шынайы шаттықта өтеді. 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс