Наурызға үйді безендіреміз

Наурызға үйді безендіреміз: қағаз бен матадан жасалған көктем нышаны

Қызыл қызғалдақтар Наурыздың, келген көктемнің, қысқы ұйқыдан оянған табиғаттың нышаны. Қызғалдақтар шоғы мейрамға үйді безендірудің тамаша нұсқасы, бірақ тірі гүлдер күтімді қажет етеді, ал жұлып алған гүлдер солып қалады. Не істесек болады? Қызғалдақтарды өзіміз жасайық! Нәзік қызғалдақтарды жасаудың екі қарапайым шеберлік сыныбын ұсынамыз: материалдар мен уақытты барынша аз жұмсап, мейлінше көп көңіл көтереміз!


Дайын қағаз қызғалдақтарды үй гүлдері бар құмыраға салып қоюға болады: осылайша үйіңізде өзіңіздің көктемгі гүлзарыңыз болады. Наурыз нышаны қызғалдақ өз нәзіктігімен көңіліңізге көпке дейін қуаныш ұялатады.


Сізге қажетті заттар:
- түрлі түсті қағаз
- басып шығарылған үлгі
- қайшы
- сым
- желім және скотч


1-қадам. Гүлдердің үлгісін дайындаңыз: гүлдер әр түрлі өлшемде болу үшін 2 жиынтықты басып шығаруға болады.


Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

2-қадам. Күлтелері мен жапырақтарын кесіп алыңыз. Әр күлтедегі тілікке назар аударыңыз: біреуі күлте ұзындығының үштен екісіне төменнен жоғары қарай кесіледі, ал екіншісі – жоғарыдан төмен қарай үштен біріне.


3-қадам. Күлтелерді жұбымен біріктіріп, екі күлтенің негізіндегі кішкентай аумаққа желім жағыңыз, сымды салып, екі жағын желімдеңіз. Ашық скотчпен жапырағын жабыстырыңыз.




«Тильда» стиліндегі нәзік қызғалдақтар туыстарыңыз бен жақындарыңызға көктемгі тамаша сыйлық болады


Сізге қажетті заттар:
- қызыл және жасыл түсті мақта мата
- синтепон
- мата түстес жіптер
- қайшы
- үлгі

1-қадам. Үлгіні басып шығарыңыз

гүлдің сабағы - 1 бөлшек
қызғалдақтың қауызы - 2 бөлшек
қызғалдақтың жапырағы - 2 бөлшек 


2-қадам. Әдіпке 3-4 мм қалдырып, матадан барлық бөлшектерді кесіп алыңыз. Дәл осылай жапырақтары мен сабағын дайындаңыз.


3-қадам. 3-4 мм қалдыра отырып, дайындамаларды тігіңіз. Әдіптерін ирек жүзді қайшымен өңдеп алыңыз немесе толтырған кезде мата бүрмеленіп қалмас үшін жай ғана қысқа тілік жасаңыз.


4-қадам. Қауыздары мен жапырақтарын теріс айналдырыңыз. Жапырақтардың шеттерін тігіңіз, бөлшектерді ыстық үтікпен үтіктеңіз. 


5-қадам. Сабағын түтікше етіп тігіңіз, оны синтепонмен тығыздап толтырыңыз (синтепонды нығыздау үшін қарындашты, қалың тоқыма бізін, тағамға арналған қытай таяқшасын және т.б. пайдалануға болады) 


6-қадам. Қауыздың жиектерін ішке қайырыңыз, бөлшекті синтепонмен толтырыңыз да, шетін айнала жіп өткізіңіз. Сабағын қойып, жіпті тартып жинаңыз және қауызды сабағымен бірнеше рет қабып тігіңіз.



7-қадам. Жапырақты сабағын айналдыра ораңыз да, бірнеше рет қабып тігіңіз. Наурыз нышаны дайын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.