Отбасылық әуес іс

Отбасылық әуес іс

Әуес іс – аса пайдалы іс екенін әлдекімдер жоққа шығармайтын шығар. Ол сондай-ақ, қанағаттандырады, күйзелісті басады және тән мен жаныңды да емдейді. Пікірлес компанияға түсіп қалатын болсаңыз, онда әуес ісіңіз сізді жалықтырмайтыны айдан анық.


Сүйікті ісіңмен барлық отбасы мүшелерімен айналысса не болады?

Біріншіден, әуес іс қарым-қатынасты жақындататын және нығайтатын тікелей араласудың қосымша жиналатын орны болады. Екіншіден, өмірдегі күнделікті тіршілікке алуандылықты әкеле алады. Осы ортақ әуестілікпен өз тарихын бастаған қаншама отбасы бар десеңізші!

Егер сіздің қоғам ұяшығыңыз ортақ қызығатын іске әлі де ынталы болмаса, оны іздеп көруге болады. Әуес істі шартты түрде ерлердікі және әйелдердікі деп бөлуге болады. Еркектер сынақ пен тәуекелге көбірек көзделген деп есептеледі. Сондықтан, балық аулау, тауға шығу, дайвинг, яхтинг және спорттың кез келген экстремалды түрлері – бұл әуес іс ең алдымен ерлердікі.

Ал әйелдердікі шығармашылықпен, тәрбиемен, әдемілік пен денсаулық күтімімен байланысты болады. Алайда, жағада отырып, балық аулаумен босаңсуды, теңіз түбіне сүңгуді немесе Эльбрусты бағындыруға талпынуды, тіпті торуылда құрды аңдып отыруды ұнататын біраз әуесқой әйелдер де табылады емес пе, сіз соған келісесіз бе? Сондай-ақ, еркектер арасында да би, фитодизайн немесе қандай да бір печворк (мата тіліктерінен тігу техникасы) пен квилтинг (сырма матаны дайындау) табынушысын оңай кездестіруге болады.

Отбасының бір мүшесінде әуес іс бар болуы мүмкін. Қарайласып жүріңіз, бір күні күйеуіңіздің артынан сіз де футбол жанкүйері құмарын табатын шығарсыз немесе қызыңыздың бисермен тігу ісі жаныңызға сая болатын шығар. Мүмкін керісінше болар, сіздің керемет дене пішіміңіз бен құлпырып жүрген түріңізді бағалап, үйдегілер әсерлі сальсаға немесе йогаға құмар болатын шығар.

 familyhobby

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бірақ абай болыңыз. Егер, мысалы, серіктесіңіз дайвингпен әуестенетін болса, ал сіз судан қорқып, тіпті, теңіз ауруына шалдығатын болсаңыз, бұл жерде эксперимент жасаудың қажеті жоқ: бұл істен өзіңіз де қанағат алмайсыз, оған да керемет әсер алуға кедергі боласыз. Одан бетер, отбасының кейбір мүшелері олардың әуес істеріне деген қызығушылығыңызды жеке кеңістікке қысым жасау деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан, егер басқа әуестік қызығушылықтарыңызға немесе физикалық мүмкіндіктеріңізге мүлдем сәйкес келмесе, онда осы әуес істі қойып, өзіңізге сәйкес балама әуес істі табыңыз. Мысалға фотосуреттермен, тігінмен айналысыңыз, сурет салып көріңіз.

 

Маңызды сәт – баланы араластыру. Ортақ іс өзара түсіністікті жақсартады, сенімді қарым-қатынасты орнатады емес пе, ал жалықтыратын үйдегі ақыл айтулар орнына іс жүзінде өз мысалыңызбен өз балаңыздан көргіңіз келетін қасиетті көрсете аласыз. Осының барлығы спорт жаттығуларынан сауықтыру әсері, ортақ шығармашылықта эстетикалық дәмді және ұсақ моториканы дамыту, сапарға және саяхатқа шыққанда  ой-өрісін және білімді дамыту аясында алынады. Бұл жерде де мәжбүрлеу керек емес, есіңізде болсын: әуес іс баланың қабілеттері мен қызығушылықтарына қарама-қайшы келмеуі тиіс.

 

Осындай түрде, егер жақындарыңыздың таңдауын сыйлап, жеке кеңістік жөнінде ұмытпаса, онда отбасылық әуес іс барлық қарым-қатынаста керемет болады! Әуес іс көп болмайды, және ортақ әуестік жеке көңіл жұбатудың барын жоққа шығармайды. Бір шатыр астында толығымен ең қарама-қарсы қызығушылықтары бар адамдар тұра алады. Ең бастысы, барлығына уақыт табылса болғаны!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.