Шыршаның әшекей заттарын өз қолымызбен жасаймыз

Шырша әшекейлерін өз қолымызбен жасаймыз

Шыршаны безендіретін кез келді, бірақ әдеттегі шарлар мен жылтырақтар жалықтырып жіберді ме? Ерекше мерекелік әшекейлерді жасау үшін он идея ұсынамыз. Шабыттаныңыз!


  • Ең алдымен стилін ойластырыңыз: шырша дизайнының бір бағытын таңдап алыңыз да, содан ауытқымаңыз. Жаңа жыл алды қиялыңыз белгілі бір тақырыптан немесе жай бір түстен болмаса бірнеше түстердің (мысалы, қызыл және алтын) үйлесімінен басталу керек.
  •  Ойыңыздағыны орындау қиын болмаса болды, сонда сіз әшекейлерді дайындау үрдісіне балаларыңызды да тарта аласыз. Есіңізде болсын: нәтижесінде әшекейлер шыршаның бұтақтары сынып кетпейтіндей жеңіл болып шығу керек.

Ұсақ-түйектеріне: беті жабысқақ стразаларға, ұсақ моншақтар мен жылтырақтарға, желбезектері мен бояуларына көңіл бөліңіз, себебі олар тіпті қарапайым материалдардан жасалған әшекейлерді «жарқыратып» жібереді.

Назар аударыңыз: шырша!

Үгілмелі қамырдан мәнерлі печенье пісіріп, қант шәрбатымен немесе тағамдық ұсақ моншақпен безендіріңіз. Печеньелерге атлас лента байлауға арналған тесік жасауды ұмытпаңыз.

Ірі макарондарды гуашьпен немесе акрил бояуларымен бояңыз, ұзын моншақ жасаңыз немесе 3-4 макароннан бірнеше бөлек-бөлек алқа жасаңыз.

Атлас ленталардан немесе түрлі-түсті тордан, шілтер шымылдықтан немесе шифоннан сәнді банттар жасаңыз: шырша нәзік, әрі  үлпілдек болады.

Жүннен жасалған перілер. Жабағылауға арналған айдарлы лентаны ортасынан екі бүктеңіз, содан 5-6 см шегініп, сол жерін жіппен орап, байлап қойыңыз да, пайда болған ілмекті түтіп жіберіңіз – бұл перінің басы болады. Асты мен үстіне контраст түсті жүн қосыңыз – бұл «белдемше» және «шаш» болады.

Фетр және флис. Матаның бұл түрлерін ұсақ-түйек заттар мен аппликация жасау үшін пайдалануға болады – олардың шеттерін өңдеудің қажеті жоқ, оңай желімделеді және пішінін сақтайды. Трафареттерді – мысалы, жануарлардың немесе көбелектердің, қар бүршігінің пішіндерін алдын ала дайындап қойыңыз да, балаңызды оларды қарама-қарсы түсті бөлшектермен безендіруге шақырыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Моншақтармен және түрлі-түсті ленталармен безендірілген мыс немесе жез сым өте елесті арт-объектілерді жасауға мүмкіндік береді. Әшекейлердің түрлері, мысалға, мынандай болуы мүмкін: бір метрлік сымға он моншақ кигізіңіз де, сымды шар тәрізді болғанша жұмарлап тастаңыз немесе жұлдыз пішінді сым қаңқа жасап, оны ұштары бос тұратындай түрлі-түсті ленталармен орап тастаңыз.

Жұқалтыр – кез келген пішіндегі жеңіл, әрі  мықты әшекей жасауға мүмкіндік беретін әмбебап материал. Көлемді пішін жасау үшін бір немес жарты метрден қысқа болмайтындай жұқалтыр кесіп алып, оны ортасынан бастап пішіндеңіз. Мысалы, динозавр немесе кішкентай кеме жасаңыз. Жіп өткізуге арналған тесікті жуан инемен жасаңыз.

Қолдан жасалған шарлар. Кәдімгі шарды 8-10 см диаметрге дейін үрлеп, оның бетіне ПВА клейінің бір қабатын жағыңыз, содан кейін шарды жүннен иірілген түсті жіппен немесе мулинемен орап, кептіріп қойыңыз. Негіз болып тұрған шарды тесіңіз де, абайлап суырып алыңыз, ал пайда болған нәзік шарды жылтырақпен безендіріңіз.

Өткен жылдың ең қызықты және ұнамды сәттері түсіріп алынған отбасылық фотосуреттерді шыршаға кеңселік түйреуіштермен іліп шығыңыз немесе қағаз жақтауларға салынған мини-коллаждар жасаңыз (мысалы, отбасының әр мүшесіне жаңа жылдық қалпақ кигізіп қойсаңыз болады). Тағы бір идея: фотосуреттерден қиып алынған адам беттерін пластикалық шырша шарға шаптап қойыңыз.

Қажетсіз CD-дискілерге маркермен немесе акрил бояуларымен сурет салып тастауға, түрлі-түсті қағаз жапсырып тастауға, ашық түсті ленталармен немесе жіптермен орап тастауға болады. Шыршаға ілінген диск айналып, жылтырап тұрады!

Киндер-сюрприздердің контейнерлерін бірер қимылмен ертегідегі кейіпкерлерге айналдыруға болады. Оларға қол, аяқ, құлақ, құйрық, «панктердің» хаерін» немесе жібек жал жапсырыңыз, мәнерлі бетінің суретін салып, ермексаздан мұрын жасап жапсырып қойыңыз. Іліп қою үшін жібіңіздің мықты болу керектігін ұмытпаңыз.

 

Сіз қандай жаңа жылдық әшекейлерді жасар едіңіз?«Мақала жазу»  батырмасын басып, идеяларыңыз бен тілектеріңіз туралы айтып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.