Сыйлықты өз қолымызбен қалай жасаймыз

Сыйлықты қолдан қалай жасауға болады

Ой-қиялыңызға жүгініп, жақындарыңыз бен достарыңызға ерекше сыйлық жасаңыз.


ӘШЕКЕЙЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ШКАФ

Шайдың ескі ағаш қорабынан әшекей бұйым салуға арналған сүйкімді шағын шкаф жасаңыз. Оны маржандай аппақ түске бояудан бастаңыз. Бояу кепкен соң, тұрақты маркермен қалауыңызша әдемі сурет салып, безендіріңіз. Ішінен әшекей бұйым ілетіндей жез сымнан ілгіш бекітіп, шағын шкафты қабырғаға іліңіз.


Кеңес. Осындай затты ваннаға арналған ескі шкафтан, немесе, ең болмағанда, базардан не комиссиялық дүкеннен сатып алынған ағаш жәшіктен де жасауға болады.

ШАЙ ІШЕТІН ШЫНАЯҚТАҒЫ ВИНТАЖДЫ МАЙШАМДАР

Ыстық судың буына бірнеше ескі майшамды балқытып алыңыз. Білтелерін суырып алуды ұмытпаңыз (бұған сізге қысқыш көмектесе алады).

Білтені қысқартып алыңыз, оның ұзындығы шынаяқ биіктігінен шамамен екі есе көп болсын. Оған балқыған балауыз сіңіріп, ұшының бірін шынаяқ түбіне жабыстырыңыз. Екінші ұшын бамбук таяқшасын айналдыра ораңыз да, оны шынаяққа білте тік тұратындай салыңыз.

Шынаяқтың төрттен үш бөлігіне балауыз құйып, шамамен бір сағатқа суытуға қойып қойыңыз. Ол суығанда ортасында шұңқыр қалады. Бетін тегістеу үшін ұқыптап балауыз құйыңыз. Балауыз қатқанын күте тұрыңыз, содан кейін білтені қажетті ұзындыққа дейін қысқартыңыз.



Кеңес. Шамдарыңыздан хош иіс шығу үшін балауызға эфир майларын, мысалы, лаванда немесе раушан майларын қосыңыз. Жәндіктерді бездіретін шамдар жасағыңыз келетін болса, сіздің таңдауыңыз – цитронелла немесе лемонграсс майлары болсын. Егер сізде сәйкес шынаяқ болмаса, дүкен аралап шығыңыз, комиссиялық дүкенді де көріңіз.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТӘТТІЛЕР

Бірнеше қымбат емес мөлдір шағын банка сатып алыңыз да, оларды балалар жақсы көретін кәмпиттерге толтырыңыз. Әрбіреуіне түрлі-түсті қағаздан жасалған әріптермен безендіріп, баланың аты-жөнін, есімін немесе туған айын жазыңыз.

СҮЙIСПЕНШIЛIКПЕН ПЕЧЕНЬЕ

Үй печеньесі толған қорапты кім ұнатпайды екен? Осы сыйлыққа әрбір тістеген сайын разы болады. Печеньені қаңылтыр немесе картон қорапқа салып, оны әдемілеп қаптаңыз. Ал сыйлыққа қоса берілетін конвертке ашық хаттан бөлек, басып шығарылған немесе қолмен жазылған рецептін қоса салып беріңіз.

МАЙЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ТОҚЫЛҒАН САҚИНА

Келесі нұсқаулық бойынша майлыққа арналған сақина жиынтығын тоқып, керемет сыйлық жасаңыз. Сізге 3,5 мм тоқыма біз, тоқыма түйреуіш және 1 орам жіп қажет болады.

ҚЫСҚАРТУЛАР

Беткі = беткі ілмек; Ішкі = ішкі ілмек;

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Н6Н = кесте инесі бар ілмекке 4 ілмек салып, артынан ұстап тұрыңыз, беткі 2, кесте инесі бар ілмекпен беткі 4; Н6П = кесте инесі бар ілмекке 2 ілмек салып, алдынан ұстап тұрыңыз, беткі 4, кесте инесі бар ілмекпен беткі 2.

 

НҰСҚАУЛАР

14 ілмекке салу. 1-қатар: беткі 4, Н6Н, беткі 4. 2-қатар: беткі 2, ішкі 10, беткі 2. 3-қатар: беткі 4, Н6П, беткі 4. 4-қатар: беткі 2, ішкі 10, беткі 2. 10 сантиметрге немесе өзге қажетті ұзындыққа жеткенге дейін 1-ден 4-ке дейін қатарларды қайталаңыз. Ілмекті бекітіңіз. Жұмысты аяқтау үшін жиынтықтың шеттерін және ілмек ілуін қосыңыз.


Кеңес. Эластанды жүн жібі тоқылған сақинаға майлықты жақсырақ ұстап тұруға көмектеседі.

 

ОТБАСЫЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

Интернетте келесі жылдың күнтізбесінің суретін тауып алып немесе суретін өзіңіз салып, оны отбасылық фотосуреттермен немесе сканерден өткізілген балалардың суреттерімен безендіріңіз. Ерекше күндерге нұсқау және туылған күндер туралы ескертпе қосыңыз. Оны басып шығарып, картонға әдемі жез қағаз қыстырғыштарымен (мысалы, жұлдыз немесе жүрек түріндегі) бекітіңіз.

Картонды тақтайға жабыстырыңыз, ал тақтайдың артқы бетіне бір-екі магниттік жолақты жабыстырыңыз, кейін оны тоңазытқышқа жабыстыруға да болады.

ТӘРЕЛКЕ АСТЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАТТЫ ТҮПҚОЙМАЛАР

Киізден немесе пенопласттан тәрелкелерге немесе саптыаяқтарға арналған әдемі түпқоймалар жиынтығын жасаңыз. Материалдың бір үлкен бөлігінен аспаптарымен қоса бір тәрелкеге жақсы түпқойма немесе жеке тәрелкелер мен саптыаяқтар үшін кішкентай бірнеше түпқойма шығады. Гүлдері бар мөрқалыптың көмегімен параққа өрнек нақыштаңыз.


БӨТЕЛКЕГЕ САЛЫНҒАН ҮНДЕУ ХАТ

365 рухтандыратын үндеу жазыңыз – әрбіреуі жылдың әр күніне арналады – қағаздың кішкентай бөліктеріне жазып, екіге бөліңіз және әдемі банкаға немесе қыш құмыраға салыңыз. Осы сыйлықты алушы келер жылдың әр күнін позитивті «хатты» алып оқудан бастай алады.

Осы тақырыпқа қатысты сізде бірнеше пайдалы кеңес бар болса, «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, онымен сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз.


 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс