Қолөнермен айналысайық

Қолөнермен айналысайық

Өз әшекейіңізді жасаңыз! Ұсынысымыз қызықтырып жіберді ме? Қызыңыздың достарына арнап ұйымдастырған қолөнер кешіңіз 6 жастан 10 жасқа дейінгі қыздардың барлығына ұнап қалатынына сеніңіз.


Сауық-сайранға дайындалыңыз

Қонақтарыңыз ыбырсыта алмайтын жерде таза жұмыс орнын ұйымдастырыңыз: ілмектен алынған есікті кірпіштердің үстіне қойыңыз да, үстел тәрізді қойылған есіктің айналасына орындықтардың орнына төңкерілген пластикалық шелектерді қойып шығыңыз. Үстелдің үстіне ескі газеттерді жайыңыз, оның айналасына жұмыс аясын жасау үшін көбірек гелий толтырылған әуе шарларын іліп қойыңыз.

Немен айналыссақ екен?

Балаларға арнап қиял мен шығармашылықтың пайда болуына жағдай жасайтын екі-үші түрлі жұмыс дайындаңыз. Оларды қызықтыру үшін қарапайым және жылдам жасалатын нәрседен бастаңыз. Сосын оларды белгілі бір уақытқа алдандыратын және көңілдерін аулайтын күрделірек жобаға көшіңіз, ал соңына келе күші мен ынтасы қалғандар үшін оңай бір жұмысты орындауды ұсыныңыз.

Керемет идея

Кішкентай қолөнер шеберлері қолдарын жуа алуы үшін үстелден онша алыс емес жерде сабын суға толы бірнеше шелек қойыңыз. Жанына бірнеше сүлгі іліп қоюды ұмытпаңыз.

Орны және уақыты

Қыздарға арнап өз құрбыларыңызға жасағандай шай ішу отырысын ұйымдастырып, оларға өздерін ересек қыздар болып сезінуге мүмкіндік беріңіз. Торт жеуге арналған фарфор шынаяқтар мен шанышқылар туралы ұмытпаңыздар. Әр балаға бөлген орныңызды бұршақ суретті немесе гүлді қағаз салфеткалармен, ленталармен және жасанды гүлдермен безендіріңіз.

ШАШҚА АРНАЛҒАН ӘШЕКЕЙЛЕР

1 2

Сізге керегі

• шашқа арналған түйреуіштер

• таңдап алынған кішкентай әшекейлер, ленталар және жылтырақтары бар желімдер

• қайшы

• ұсақ-түйектерді жапсыруға арналған желім

Қалай жасаймыз

Шашқа арналған түйреуіштерді қалай әшекейлегіңіз келетінін және ол үшін не керек екенін  ойластырыңыз. Түйреуішке әшекейлерді мықты желіммен жапсырыңыз, түйреуіштің өзін жылтырақтары бар желіммен әшекейлеңіз, содан кейін кептіріп қойыңыз.

 

АЯҚ КИІМГЕ АРНАЛҒАН ТОРЛЫ ҚАПШЫҚ

Өкшесі биік ойыншық туфли жұбын әдемі торлы қапшыққа салып, қонақтарыңызға кәдесый ретінде сыйлаңыз.

Сізге керегі

• қызғылт түсті тығыз тор

• күміс жылтырақтары бар желім

• органзадан жасалған жұқа ақ лента

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• қызғылт және ақ түсті үш түрлі мата

• фестон қайшы

• ине мен жіп

• қызғылт және ақ моншақтар

• ағылшын түйреуіш

Қалай жасаймыз

  1. Қызғылт тордан диаметрі 70 см шеңбер ойып алыңыз. Шеттерін жылтырағы бар желіммен әшейкеліп, кептіріп қойыңыз.
  2. Тордағы шеңбер шетінен шамамен 11 см арақашықтықтағы тесіктер арқылы кейін лентаны қапшық жасау үшін тартып қоюға болатындай жұқа лента бөлігін өткізіңіз. Бұны жасамас бұрын қапшыққа ойыншық туфли жұбын салыңыз. Лентаны бантпен байлап қойыңыз.
  3. Үш түрлі матадан және тордан дәстүргүлдің төрт пішінін қиып алып, қапшықты әшекейлейтін гүл жасаңыз. Шеттері тозып кетпеу үшін фестон қайшысын пайдаланыңыз. Пішіндерді ең үлкені ең астында болатындай бір-бірінің үстіне қойыңыз. Жіптерін жасап жатқан затымыз гүлге ұқсайтындай тартып, пішіндерді біріктіріп ортасын тігіңіз. Гүлдің ортасына әшекейлеуге арналған бірнеше моншақ тігіп қойыңыз, ал артқы жағына – гүлді қапшыққа қыстырып қоюға арналған ағылшын түйреуішін тігіп қойыңыз. Осыдан кейін гүлді танамоншақ немесе шашқа арналған әшекей ретінде пайдалануға болады.

ЖЕЛ ДИІРМЕН

4

Сізге керегі

• қалың альбом қағазы

• сызғыш

• қалам және өшіргіш

• қайшы

• жіңішке таяқша

• кеңселік жапсырма шеге

• жасанды асыл тас

• ұсақ-түйекке арналған желім

Қалай жасаймыз

  1. Қағаздан квадрат қиып алыңыз. Оны тегіс жерге қойып, екі қарама-қарсы бұрышын жіңішке қалам сызығымен біріктіріңіз. Қалған бұрыштармен де осылай жасаңыз. Ортасына әр жағынан 2 сантиметрге жетпей, осы сызықтар бойынша бұрыштардың үстін қиыңыз.
  2. Төрт бұрыштың әрқайсысының бір жартысын ортасында бірігетіндей бүктеңіз және оларды таяқшаға кеңселік жапсырма шегемен бекітіңіз. Жапсырма шеге көрініп тұрмау үшін оның үстінен жасанды асыл тасты жапсырып қойыңыз.

 

Егер осы тақырыпқа қатысты бірнеше пайдалы кеңестеріңіз бар болса, «Мақала жазу» батырмасына басып, оларды сайттың өзге пайдаланушыларымен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс