Қызға арналған белдемшені қалай тіксе болады  — EverydayME

Қызға арнап белдемше тігудің оңай тәсілі

Қолөнермен айналысқанды немесе қолдан бір нәрсе жасап шығарғанды жақсы көресіз бе? Пайдалы істі сүйікті ісіңізбен ұштастырыңыз! Қызға – қызыңызға, сіңліңізге, немере жиеніңізге немесе жай қуыршаққа арнап қалай белдемше тігуге болатынын біліп алыңыз. Ол үшін әдемі мата тауып алыңыз немесе ескі перделерді немесе ас жаулықты жандандырыңыз.


Қызға арналған белдемше тігу үшін сізге керегі:

• Қалың мата (матаның көлемін белдемшені кімге тігіп жатқаныңызға қарай өлшеп алыңыз)
• Резеңке (бел шеңберінен аздап ұзынырақ болу керек)
• Ине
• Жіп
• Ағылшын түйреуіші
• Банттар және басқа да әшекейлер – қалауыңыз бойынша

1-қадам. Ені белдемшенің ұзындығына тең болатын (бүгуге 5-7 см қоса алыңыз), ал ұзындығы кең белдемше тігу үшін жеткілікті болатын (қыздың жамбас шеңберінен шамамен 2,5 есе артық) тік төртбұрышты пішіп алыңыз.

2-қадам. Матаның бүйір қиығын бетін ішке қаратып бүгіңіз де, біріктіріп тігіңіз.

3-қадам. Белдемшенің ішкі қиығын резеңкенің еніндей (шамамен 4 см) бүгіп тігіп шығыңыз.

4-қадам. Ағылшын түйреуішін резеңкенің ұшына түйреп, белдіктен өткізіңіз. Түйреуішті алып, резеңкенің ұштарын тігіп жіберіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

5-қадам. Белдемшенің астыңғы шетін жабық қиықпен бірге бүгіп (ені 1 см болу керек) тігіңіз.

6-қадам. Қалауыңызша қалта тігіп алсаңыз болады. Ол үшін екі квадрат қиып алып, белдемшенің алдыңғы жағына тігіп қойыңыз.

7-қадам. Белдемшенің етегін шілтер лентамен безендіруге немесе беліне бант болмаса гүл тігіп қоюға болады.

8-қадам. Дайын белдемшені абайлап үтіктеп алыңыз.

Міне, іс бітті! Қызға арналған белдемше дайын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс