Шетелге жолсапарды қалай ұйымдастырамыз

Шетелге жолсапарды қалай ұйымдастырамыз

Адамдары бір тілде сөйлейтін, бәрі таныс және түсінікті, өзіңізге жақын туған елде демалу деген бір бөлек, ал өзге мәдениет пен салтты ұстанатын шетелге аттану мүлдем бөлек шаруа. Алайда неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызықты болатыны рас қой? Тек жақсы дайындалып, тыңғылықты жоспарлау қажет.


№1 сценарий. Жауапкершілікті туроператорларға арту

Шетелге жолсапарды ұйымдастырудың қарапайым әдісі, мейлі ол Еуропаға саяхат, Түркияның жағажай демалысы немесе Грузияға гастрономиялық тур болсын, бұны, әрине, туристік агенттікке тапсырған дұрыс. Олар сізге мейманхана мен билет іздеп, виза жасасын (егер ол қажет болса), трансферді ұйымдастырып, барлық өзгешеліктерді хабарласын. Иә, бұл шынымен де ыңғайлы, әсіресе, сіз ол елді көп араламай, тек мейманхана жанында теңізде демалуды қалайтын болсаңыз.  Мұнда еш қиындық пен әбігерлік жоқ. Бірақ, егер сіз белгілі бір турға байланып қалғыңыз келмесе, онда өз бағытыңызды жасап, бәрін де өз бетіңізбен жоспарлаған жақсы.

№2 сценарий.  Барлығын өзіңіз ұйымдастыру

Шетелге жолсапарды ұйымдастыру әбігерге апаратын заман өтті. Қазір интернет ғасыры, сіз барлығын үйден шықпай-ақ бірнеше сағаттың ішінде реттей аласыз. Бірақ, әрине, өте ұқыпты болу қажет және бірнеше қарапайым кеңестерді естен шығармаған жөн:

·Сізге виза жасату қажет пе, соны біліңіз.

  Егер виза қажет болса, сол елдің елшілігінің        сайтына кіріңіз және қажетті құжаттар тізімін  табыңыз, сондай-ақ виза орталығының жұмыс уақытын біліңіз. Уақытты созбай, барлық құжатты уақтылы өткізуге тырысыңыз.

· Барлық әуе компанияларының нұсқаларын көрсететін қызметтерді пайдалана отырып, ұшақ билеттерін алдын-ала сатып алған дұрыс.

· Мейманхананы таңдағанда әр түрлі интернет қорлардағы бағалармен салыстырыңыз. Мейманханалар кейбір қызметтер үшін арнайы акцияларды өте жиі өткізіп тұрады. Сондай-ақ  брондауды өзгертудің талаптарын міндетті түрде мұқият оқыңыз. Кейбір мейманханалар бүкіл соманы бірден алып қалса, енді біреулері сіз ойыңыздан қайтып қалсаңыз, бронды жоюға мүмкіндік береді.

· Сіз баратын ел мен қала туралы көбірек ақпарат жинаңыз. Нені қызықтауға болады, жергілікті асханадан қай тағамның дәмін татып, қандай салт пен дәстүрге куә боласыз.

· Қиындыққа тап болмас үшін барлық қажетті құжаттардың көшірмесін жасаңыз немесе суретке түсіріңіз және оларды түпнұсқадан бөлек сақтаңыз. Сондай-ақ оларды электрондық почтаңызда сақтау дұрыс.

· Медициналық сақтандыруды сатып алыңыз, керек болып қалуы мүмкін. Онымен сіз жайлы жүресіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

·  Әуежайдан баратын жеріңізге жетудің ең жақсы жолын біліп алыңыз. Егер такси қызметін пайдалануды ойластырсаңыз, оның бағасын алдын-ала біліңіз – таксишілер бағаны әдейі көтеруі мүмкін.

· Туыстарыңыздың, елшіліктің, қонақ үйдің, сіздің банктің және сақтандыру компаниясының телефондарын жазып алыңыз.

· Сіз баратын елде қандай ток көзін пайдаланатынын біліңіз. Мүмкін сізге жалғастырғыш тетік керек болатын шығар, ол туралы алдын-ала қамданған жөн.

· Өзіңізді сенімді сезіну үшін алдын-ала жергілікті валютада аздаған ақша алыңыз.

· Жақын адамдарға үйдің кілтін қалдырыңыз,   ал көршілерге кілтті қалдырған адамның телефонын беріңіз.

· Әуе компанияңыздың жүк тасымалдау ережесі туралы біліп алыңыз. Шабаданды өлшеңіз және қол жүгіңізде тасымалдауға тыйым салынған ешқандай зат жоқтығына көз жеткізіңіз. Неше түрлі жағдай үшін жүгіңізді суретке түсіріп алыңыз, жоғалған жағдайда оның сипатын әуежай қызметкерлеріне түсіндіріп жатпайсыз.

· Ұялы операторыңыздың тарифтік жоспарын біліп алыңыз және қажет болса, қосымша қызметтерді қосыңыз. Смартфоныңыз Wi-Fi-ға қосылмай тұрып роумингте жаңартуларды жүктеп жатпағанына көз жеткізіңіз.

 · Жергілікті тілді білмейтін болсаңыз, өзіңізбен шағын тілдескішті алып жүріңіз.

Сәт сапар тілейміз!

Ал сіз шетелге жолсапарды ұйымдастыру жайлы пайдалы азын-аулақ кеңестердің тағы басқасын бере аласыз ба?

Құттықтаймыз, Сіз екінші пазлды таптыңыз

Үшінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс