Баламен ваннада ойнайтын ойындар

Ванна бөлмесіндегі ойындар

Бір балалар ваннада шолпылдатып отырғанды ұнатады, әрбір қолайлы сәтте қол жууға өздері бірінші болып жүгіріп барады, ал басқа балаларды айламен және ақылмен арбауға тура келеді. Бірақ балалардың барлығы ойын ойнағанды жақсы көреді. Онда суға түсу процедурасын тамаша көңіл көтеруге айналдырсақ қайтеді! Ванна бөлмесінде балалармен ойнау – бұл тек көңілді ғана емес, сондай-ақ, пайдалы!


Қуыршақтарды жуындыру. Қыздар өз қуыршақтарына қамқор болуды өте жақсы көреді және ата-аналары өзіне не жасаса, соны қайталап жасайды. Суға түсіруге болатын қуыршақты қызыңызға сатып алып беріңіз, бала оның басын жусын, арқасын ысқыласын, тісін тазаласын. Қуыршақты мысалға ала отырып, тазалықты және жеке гигиенаны сақтау маңызды екенін айтыңыз. Осындай қуыршақты тамақ ішер алдында қол жуатын кезде де бірге алып жүруге болады. Қуыршақта, бала қолында зиянды бактериялар болмас үшін арнайы антибактериялық сабынды, мысалы, Safeguard сабынын қолдануға болады.

Теңіз дауылы. Мұндай ойын ұлдарға қатты ұнайды. Алдын ала бірнеше қағаздан кеме жасаймыз да, жүзуге жібереміз. Одан кейін пластик түтікшелерді алып, үрлей бастаймыз! Жарыс ұйымдастыруға да болады, кімнің кемесі «жағаға» тезірек жетеді екен.

Суға бата ма, жоқ па? Өзімізбен көптеген ойыншық аламыз да, соның ішінен қайсысы суға батып, қайсысы батпайтынын білеміз. Ванна бөлмесінде баламен осыған ұқсас ойналатын ойындар оның бақылау және логикалық ойлау қасиетін дамытады.

Шелекке кім бірінші су толтырады? Жөкені сыға отырып, шелекті суға мүмкіндігінше жылдамырақ толтыруға тырысамыз.

Safeguard Алоэмен Нәзік күтім бактерияға қарсы сабыны 125г
Safeguard Алоэмен Нәзік күтім бактерияға қарсы сабыны 125г

енді табу

Теңіз шайқасы. Йогурттың босаған ыдыстары нағыз кеме, ал бөтелке қақпақтары – құтқарушы қайығы бола алады. Әрбір «кемеге» «Киндер сюрпризден» шыққан ойыншықты отырғызып, шайқас ұйымдастыруға болады! Кемелерді суға батыруға және алып кетуге, толық шытырман фильмдерді ойнатуға және көңілді әңгімелерді ойдан шығаруға болады.

Сабын көпіршіктері ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайды және су процедураларымен тамаша үйлесімде болады.

Ванна бөлмесіндегі осындай ойындар балаңызға нағыз мейрам болады. Шомылу ойдағыдай өтсін!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.