Суық күнде саяхатқа қалай жиналу керек

Күн суықта саяхатқа қалай жиналады?

Оңтүстік жаққа жиналу оңай – қандай шомылатын киімді немесе көйлекті аларыңды білмей, ақыры бәрін ала саласың, өйткені олар көп орын алмайды. Ал суық елдерге жол жүретін кезде қажеттілерін ғана, бұл жағдайда артық зат алмайтындай, барлығы мұқият ойластырылған түрде болу қажет.


Қандай затсыз жолға шығу мүмкін емес, ал қайсысын алмаса да болатынын ойластырып көрейікші.

Ішкі термокиім

Ішкі термокиім – артық көп жемпір тасып жүргісі және қалың киініп алып, қырыққабатқа ұқсап жүргісі келмейтіндерге мінсіз шешім болып келеді. Бұл жағдайда мүмкіндігінше ішкі термокиімнен бір-екеуін алған дұрыс, климаты суық өңірлерде киім өте ұзақ кебуі мүмкін, сондықтан әрдайым қосымша құрғақ киімді алып жүру қажет.

Жорық шалбар

Сүйікті джинсаңызды үйде қалдырып, сапарға жеңіл жуылып, тез кебетін және қалтасы көп туристік шалбар алған дұрыс. Егер көп қыдыратын болсаңыз, онда жылы шаңғы комбинезонын алсаңыз күшті, онымен еш суықтан қорықпайсыз.

Жел күртеше

Жаңбыр мен желден қорғайтын киімді міндетті түрде алыңыз. Әдеттегідей, жел күртеше өте аз орын алады, ал пайдасы орасан, әсіресе, егер тауға немесе теңізге шығатын ойыңыз бар болса. Қалада қыдырып серуендеу үшін сәнді плащ та жарап қалады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ыңғайлы аяқ киім

Қалың табаны бар жылы су өткізбейтін бәтеңке – ең қолайлы да, әмбебап аяқ киім болып келеді. Онымен қалада қыдыруға да, сондай-ақ, тауға шығуға да болады. Ал биік өкшелі етігіңізді үйге қайтып келіп, өз қалаңызда да киіп, қыдырарсыз әлі.

Жылы аксессуарлар

Үйде мойын орауыш пен бас киімді  күнде ауыстыра алатын болсақ та, саяхатқа барлық киіміңізге жарасатын әмбебап заттарды алған дұрыс. Мысалы, телпек пен беретті немесе сәнді шляпаны алма кезек кисеңіз болады. Мұндай заттар көп орын алмайды және келбетіңізді одан бетер ажарландыра түседі!

Дәрумендер мен мұз кәмпиттер

Қыстық саяхаттарда әрдайым суық тиіп қалу қаупі болады. Сондықтан алдын ала дайындалыңыз. Алдын алу шараларына қамданыңыз: дәрумендер ішіп, емдейтін мұз кәмпиттерді сатып алыңыз. Тамағыңыз құрғақ болмауы қажет – көбірек су ішіңіз немесе ең құрығанда сағыз шайнап немесе кәмпит сорып жүріңіз.

Сапарыңыз сәтті болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.