Теңізге өзіңізбен не алу керек: қажет заттардың тізімі

Теңізге өзіңізбен не алу керек: қажет заттардың тізімі

Осы уақытты көп күткен сияқтысыз? Әйтеуір жаз да келді, көптен күткен демалыстар мен каникулдардың уақыты жетті. Теңізге өзіңізбен не алу керегін ойлайтын уақыттың дәл өзі. Сізге оңай болу үшін біз Сіз үшін пайдалы көмексөздер жасадық – онымен ештеңені ұмыта қоймайсыз.


Ыңғайлы шабадан

Алдымен заттарымызды қайда салатынымызды анықтап алайық. Жолдорба немесе сөмкенің орнына шағын және дөңгелегі бар ыңғайлы шабадан алайық: мұнда киім аз қыртысталады, оны өзіңмен тасып жүрмейсің – бұл жақсы ой. Бұндайда Сіздің шабаданыңыз қандай да бір айырықша дизайнымен ерекшеленіп тұрмаса, оған ашық лентаны байлаңыз немесе жапсырма жабыстырып қойыңыз– осылай Сіз жүк беретін бөлімде оны бірден танисыз және ешкім оны өзінікімен шатастырып алмайды.

Заттардың тізімі

Шкафты ашып қойып, жай ғана ұнағанның бәрін салу – аса жақсы ой емес. Ондайда Сіз артық зат салып алатыныңыз анық, ал кейбіреуін керісінше ұмытып кетесіз. Ең дұрысы, қағаз бен қаламсап алып, керек заттың тізімін жасап, кейін соған сүйену. Айтпақшы, бұл тізімді саяхатқа алып кетсе болады – ол Сізге мейманханада жиналуға және ештеңені ұмытпағаныңызға көз жеткізуге көмектеседі.

Киім

Міндетті түрде ауа райын қараңыз да, қажетті өзгертулер енгізіңіз.

• Шомылу киімі. Күнге күйгенде денеде баулардың ізі қалмас үшін түрлі сәндегі бірнеше нұсқасын алған дұрыс.

• Жағажай киімі. Парео, жұқа көйлек немесе ұзын жейделер  – шомылғаннан кейін үстіңізге жамыла салатын кез келген киім.

• Шолақ шалбар, белдемше, сарафан және көйлектер.

• Теркөйлек, футболкалар, жейделер. Ұзын  жеңді жейденің (немесе жейде-көйлектің)  біреуін алыңыз, күннен қорғану үшін керек болады.

• Жұқа шалбарлар.

• Жұқа кәжек (егер кешке салқын болса).

• Бас киім.

• Іш киім.

• Шұлықтар.

Пайдалы кеңес: заттарды бүктеп салмаңыз, орама етіп ораңыз – сонда онша мыжылмайды.

Аяқ киім:

• Жұқа бәтеңке.

• Жеңіл аяқ киім.

• Шәркей.

 Қажамас үшін жаңа аяқ киім алмаңыз.

Пайдалы керек-жарақтар:

• Күн көзілдірігі.

• Жағажай төсеніші.

• Бетперде немесе жүзуге арналған көзілдірік.

• Жағажай сөмкесі.

• Қызықты кітап.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• Жолсілтеме (егер сіз жаңа жерге барсаңыз).

 • Фотоаппарат.

• Гаджеттерге арналған қуаттандырғыш.

Косметика:

Егер сіз заттарыңызды жүк бөліміне тапсырғыңыз келмесе, құтылар 100 мл-ден аспасын. Бірақ сүйікті құралыңыз кішкентай ыдыста шығарылмайтын болса, оны шағын құтыға құйып алыңыз (косметика сататын көптеген дүкенде саяхатқа арналған арнайы контейнерлер сатылады).

• Тіс пастасы мен тіс қылсабы.

• Сабын немесе душ гелі.

• Venus ұстарасы.

• Денеге арналған крем.

• Күннен қорғайтын крем.

• Дезодорант.

• Сусабын және бальзам.

• Күндізгі және түнгі крем.

 • Тоник және мақта дискілері немесе макияжды сүртуге арналған ылғалды сулық.

• Ерінге арналған бальзам.

• Сәндік косметика. Макияждан жағажайда да демалғыңыз келмесе, судан кейін ағып кетпейтін суға төзімді тушьты алыңыз.

• Ұштайтын қарындаштың орнына бұралатынын алыңыз.

Дәрі қобдишасы

Егер сізге кейбір арнайы дәрі қажет болса, жергілікті дәріханадан сатып алатыныңызға үміттенбеңіз, оны міндетті түрде өзіңізбен алып жүріңіз.

• Жабыстырғыш.

• Ауруды басатын дәрі.

• Ас қорытуға арналған құралдар (әсіресе егер ас дәстүрі өзгеше елге барсаңыз).

Құжаттар мен қаражаттар

Барлық қажетті құжаттарды алғаныңызды міндетті түрде тексеріңіз. Сондай-ақ олардың көшірмесін жасап немесе суретке түсіріп және электрондық почтаңызда сақтағанның пайдасы зор.

 

Біздің тізімге тағы нені қосу керек екенін білесіз бе?

Құттықтаймыз,

Сіз соңғы пазлды таптыңыз, анкета сұрақтарына жауап беріңіз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Бір аптадан соң демалуға барамыз отбасымызбен, таптырмас тізім болды.

  • Шағымдану

Менімше барлығы тусінікті керекті нəрселердің бəрі алып қосарым жоқ

  • Шағымдану

Менімше барлығы тусінікті керекті нəрселердің бəрі алып қосарым жоқ

  • Шағымдану

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс