Туристке көмек: әдептілік ережелері

Саяхатшыға көмек: әдептілік ережесі

Әлем космополиттік көзқараста болып бара жатыр, дегенмен елдер арасында белгілі мәдениет ерекшеліктері ешқайда да жоқ болып кетпейді. Демалысқа кете отырып, сізді дарақы немесе дөрекі деп танымас үшін осы жерге лайық қандай тәртіп ерекшеліктері ие болатынына қызығушылық танытқан жөн.


Бала кезімізден біздерді үлкен адамдарға, жүкті әйелдерге және баласы бар жолаушыларға орын беру керектігін үйреткен еді. Орын бермесең – аса бір қатал кемпірден таяқ жеп те қалуың мүмкін. Ал Норвегияда сіздің отырған орныңызды басқа адамға бергіңіз келген жақсы ниетіңізді физикалық артықшылығын көрсетіп, кемсітіп тұр деп қабылдауы мүмкін.

 

Базардағы саудагерлердің көкөністері мен жемістерін сұрыптап үйренгенбіз, сатушы пакетке бір-екі бұзылған қызанақты сала салады, сондықтан оның таңдап салғанына сенбеуге үйренгенбіз. Италияда өзіңізге көкөністерді сұрыптауға талпынбаңыз және сатушыға қай жемісті алу қажет екенін айтып тұрмаңыз. Бұл оны ренжітуі мүмкін. Тек ол ғана өз тауарына қол ұшын тигізе алады.

Италияға қатысты тағы бір ескертпе: капучиноны бұл жерде тек түске дейін ғана ішеді. Түсте немесе кешкі уақытта кофе ішкіңіз келсе – эспрессо сұраңыз. Венецияда кептерді тамақтандырмаңыз. Олар өзі де аш емес, ал сіздің аяушылық танытқаныңыз үшін жергілікті полиция айыппұл салуы мүмкін. Таяу Шығыста, Азия мен Африка елдерінде "лас" және «таза» қол деген ереже кеңінен таралған. «Таза» деп оң қол саналады. Онымен тамақ ішеді, бата береді, ақша және өзге заттарды береді. Сол қол (әжетхана қағазынан гөрі жөн деп саналатын) дәрет алу және өзге гигиеналық процедуралар үшін қолданылады. Әсіресе оң және сол қол қызметтерін бөлу Үндістанда қадағаланады. Егер барлық мәмілені бұзғыңыз келмесе, құжаттарды іскерлік серіктесіңізге еш жағдайда сол қолмен бермеңіз.

Қол туралы әңгіме басталған екен, онда мынаны ескере жүріңіз, Чили – климаттың және киімдердегі ашық түсті оюлардың айтарлықтай ұқсастығына қарамастан, бұл Азия да, Африка да емес. Чилиде еуропалықтар дәстүрлі түрде шанышқы мен пышақтың көмегінсіз жейтін тағамның өзін де қолмен алмайды, мысалы картоп фри.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қол себебінен белгілі бір мәселелер сізде тағы бір Оңтүстік Америка елінде – Аргентинада да туындауы мүмкін. Бұл жерде қолды шалбар қалтасына салып тұрмаған жөн, әйтпесе тәртіп сақшыларының сізді сұраққа алуы әбден мүмкін, өйткені оларға қолыңызды не үшін қалтаға тығып тұрғаныңыз да қызық.

Егер елдің дәстүрлік жөн-жосығын білмейтін болсаңыз, сыйлық сыйлау сияқты ізгі ниетті қылықтың өзі де дұрыс бағаланбауы мүмкін. Қытайлықтарға сағат сыйлауға болмайды, өйткені ол «өлім» сөзінің синонимі болып келеді, сондай-ақ, ақ түсті сыйлық қаптамасы да осы мағынада. Дегенмен, көрші Жапонияда сыйлықтарды керісінше, ақ түсті қағазға орап беру керек деген дәстүр қалыптасқан. Ұқыпты болыңыз және қонақ болып жүрген елдегі адамдарды кездейсоқ ренжітіп алмауға тырысыңыз.

 

Бөтен елде жүргенде өзіңізді жақтырмай қарағандарды байқадыңыз ба? Оның немен байланысты болғанын ойладыңыз ба? Бөтен елде жүргенде саяхатшыларға арналған өзін ұстау тәртібін сақтауға келісесіз бе?

Құттықтаймыз, Сіз yшінші пазлды таптыңыз

Төртінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс