Ер адам қолы бос кезде үйде не істесе болады

Еркек көзімен: бос уақыт

Үйлену тойынан кейін барлық жас жұбайлар екеуі уақытты қалай тамаша өткізетіні жөнінде жоспар құрады. Бірақ ерлі-зайыпты өмірдің бірнеше жылы өткеннен кейін не болады? Кештерді ерлі-зайыптының әрбіреуі атомдық су асты қайығындағы сүңгуірлер сияқты автономды режимде өткізуді бастайды – әрқайсысы бөлек. «Диван-тоңазытқыш-диван» және «теледидар-бала бөлмесі-тоңазытқыш-теледидар» бағыттарының қиылысында бір-біріне соқтығысып қалғанда ғана серігін есіне алады. Көп кешікпей жан жақындығы жоғалып, жеңіл депрессия және жалғыздық сезімі пайда болады, ал бұл ажырасудың ең жиі кездесетін себептері.


Есіңізде болсын, көптеген еркектерге қанағаттану сезімін алу үшін көп нәрсе қажет емес: спорт арнасындағы футбол матчы, сүзгіден өткізілмеген сыра, шұжығы бар бір-екі тіске басар (немесе бір табақша асшаян), бір-екі сағат онлайн танк ойнау. Осымен кеш ойдағыдай өтті десе де болады! Ал қыздарға көп эмоция, құшақтасу мен жан жылуы қажет. Сондықтан ортақ әуестіктеріңізді анықтап, еріңізді соған қызықтыру үшін қиялыңызды жұмыс істетіңіз. Бос уақытты бірге өткізудің бірнеше идеясын беруге дайынмын.

 

Үстел үстілік ойындар ойнаймыз

Өз отбасылық әуес ісіңізді  ойындармен алуандатып көріңіз. Бұнда еш қиындық жоқ, үрдіске қатысуға дайын бала болса болғаны. Үстел үстілік те, зияткерлік ойындар да жарай береді. Отбасылық өмірде осыған ұқсас көңіл көтеретін кездерді тұрақты ету үшін кесте жасаңыз. Мысалы: дүйсенбіде - «Дженга», сәрсенбіде -«Монополия», жұма күні – «Тоғыздық»/Покер/Преферанс, сенбі (кешке) - «21 ұпай» ойыны (шешіне отырып). Бастысы, ойындағы жеңістерге сыйлық беруді (чипсыдан бастап, құмарта сүйгенге дейін) ұмытпаңыз. Сыйлықтар еркектің санасында жақсы әдеттерді бекітуге септігін тигізеді.

 

Компьютерде ессіз ойнаймыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Егер күйеуіңіз компьютерлік ойындардың табынушысы болып, World of Warcraft танк әскерлерінің майорына дейін атақ алған, Travian аптаның озат қарақшысы немесе қандай да бір ғарыштық атыс ойынында Оңтүстік Галактиканың бас қолбасшысы мәртебесін алған болса, онымен бірге ойнауға сұранып көріңіз. Әрине, алғашқы аптада уақыт зая өтіп жатқан болып көрінеді және оның: «Қымбаттым, бұл тапсырманы атқару үшін саған 100 голд тұратын ауыр қару-жарақ қажет, ал сен оны сатып алмадың!», «Құрышы жүз есе мықты Т-34 тұрғанда, неменеге Abrams-ты таңдадың?» деген сияқты кеңестерін есту ауыр тиеді. Уақытыңызды аямай, осы мәселені анықтап алыңыз. Айтпақшы, сіз онда адамдармен онлайн тәртіпте көп араласатын боласыз және жақын арада күйеуіңіз сізді «майдандастардан» қызғана бастайды, сонда осы компьютерлік «дерттен» сізді алыстатудың амалын және үйде тағы немен айналысуға болатынын ойлап табуға тырысады.

 

Моншаға барайық

Осы қызықтың себебін түсіндіре алмаймын, бірақ сөзіме сеніңіз, барлық еркектер моншаға немесе саунаға барғанды жақсы көреді. Қуанышқа орай, өзара босаңсу үшін қазір ешбір қиындықсыз ол жерге ортақ баруға болады. Массаж жасау үшін хош иісті майларды бірге ала барыңыз да, термосқа дәмді шөптен жасалған шай демдеп алыңыз. Міндетті түрде жақсы уақыт өткізесіз және оны бір реттік қана етіп қоймай, жақсы дәстүрге айналдыра аласыз.

Барлығымыз баққа барамыз!

Теледидарға телміре қарап, диваннан тұрмаған күйеуіңізді тұрғызып, таза ауаға шығарыңыз. Жергілікті баққа барасыз ба, жақын маңдағы тоғанды бір айналып жүгіресіз бе немесе кафе мен шағын мейрамханаларға кіріп, қала орталығында қыдырасыз ба, бәрібір. Ең бастысы, сіздерде жаңа сезімдер мен жаңа ортақ эмоциялар пайда болуы керек. Тәтті нанмен дәмді капучино да артық болмас! Нәтижені нығайтып, шартты рефлексті шығару үшін (академик Павлов бойынша) үйде романтикалық кешкі ас жасасаңыз болады: шырақ, жемістер, шарап пен өзге де ерлі-зайыптыларды қуантатын дүниелер. Бұның жүзеге асатынына кәміл сеніңіз!

Өзіңіз көргендей, ықтималды идеялар өте көп. Ең бастысы, қиялыңызды ұшқындатып, білегіңізді сыбанып, іске кірісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс