Жаңа жылдық фотосессияға арналған идеялар

Жаңа жылдық фотосессияға арналған идеялар: тәжірибелік кеңестер

Жаңа жыл – бүкіл отбасы дастархан басына жиналатын кез! Әдемі мерекелік фотосессия жасау арқылы осы сәтті ұзақ жылдарға есте сақтап қалыңыз! Бұл ретте фотосессияға арналған бейне әртүрлі болуы мүмкін, бастысы – Сіздің жақсы көңіл-күйіңіз бен албырт қиялыңыз!


Фотосессияға арналған идеялар:

Мерекеге дайындалу кезеңдері

Суретке түсіруді алдын ала бастаңыз: бір-біріңізге шыршаны безендіруде қалай көмектескендеріңізді, бірге жаңа жылдық печеньені қалай пісіргендеріңізді және мерекелік дастарханды қалай жайғандарыңызды – бәрін түсіріңіз.

Сурет салынған декорациялар

Сізге тақтай немесе кәдімгі ватман және борлар, қарындаштар немесе бояулар қажет болады. Сіздің міндетіңіз – Сіздің шынайылығыңызды қызықты әрі көңілді етіп толықтыра алатын суреттер салу! Тек сурет салып қана қоймай, сонымен қатар құттықтаулар немесе шеңбер ішінефотосуреттегілердің ойларын жаза аласыз.

Жанрлық қойылымдар

Фотосуреттер арқылы бүтін бір әңгіме айтып берсеңіз де болады. Мысалы, баланы Купидон қылып киіндіріп, оның ата-анасын көздеп тұрған сәтін суретке түсіріп алса болады. Немесе балаларды бұғы қылып, ал әкесін Аяз Ата қылып киіндіріп, жаңа жылдық көсем жегілген бұғыларды суретке түсіріп алуға болады. 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 Сыйлыққа ғажайып

Үлкен сыйлық салатын қорапқа шырша шамдарын салыңыз, жарықты сөндіріп, балалардың оны ашуын сұраңыз – Сіз нағыз жаңа жылдық ғажайыпқа ие боласыз!

Майшамдардың жайлылығы мен романтикасы

Ешнәрсе дәл майшамдар сияқты романтикалық және жайлы жағдай жасауға көмектеспейді. Негізгі жарықты сөндіріңіз, шырша оттарын жағыңыз және бөлме ішіне майшамдарды қойып шығыңыз (шам қойғыш үйшіктер әдемі көрінетін болады). Фотосурет кейіпкерлерін шырша жанына отырғызып, бірнеше фотосурет жасаңыз.

Шырша шарларындағы кескін

Ең қарапайым айнадай беті бар жылтыр шырша шарын алыңыз да, ондағы қызықты кескіндерді пайдаланып қалуға тырысыңыз. Шармен отбасылық портрет жасай аласыз немесе үй жануарыңызды суретке сәтті түсіре аласыз. 

Түсірген суреттеріңіз сәтті болсын және Жаңа жыл бақыт әкелсін! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс