Жаңа жылға әйеліңізге не сыйлауға болады?

Жаңа 2017 жылға әйеліңізге не сыйлауға болатынын біліңіз

Әрине, Сіздің сүйіктіңіз үздік сыйлыққа лайық, алайда нақты қандай сыйлық деген сұрақ туындайды. Иә, мінсіз сыйлықты таңдау шынымен оңай болмайды, сыйлық түрлерінің көптігінен көз ала алмайсың, ал біреудің ойын оқуды адамдар әлі үйренбеді. Бірақ қобалжымаңыз, біз не істеу керектігін білеміз. Жаңа жылға әйеліңізге қандай сыйлық сыйлауды білмейсіз бе? Біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз!


Құлақ түре жүріңіз

Жаңа жылға әйеліме не сыйлау керек деген сұрақтың жауабы өзі келеді деген үмітпен дүкендерде сенделіп бос жүрмеңіз. Сүйіктіңіздің не айтып жүргенін мұқият тыңдаңыз. Қарапайым заттарға көңіл бөліңіз: оның сүйікті иіссуы бітіп қалды деп шағымданды ма? Сүйікті орындаушысының жуырда болатын концерті туралы құлшына айтып жүр ме? Осының бәрі Сізге берілген белгілер.

Өзінің таңдауына мүмкіндік беріңіз

Көптеген заманауи дүкендерде сыйға берілетін сертификаттарды сатып алуға болады және бұл өте ыңғайлы. Алайда, егер әйеліңіз Сіз ең оңай жолды таңдады деп ойлап қалады деп қорықсаңыз, онда міндетті түрде онымен бірге барып, сыйлықты бірге таңдаңыз. Оған Сізбен бірге уақыт өткізгені ұнайтын болады!

Сезім сыйлаңыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Дәл бірге өткізген бақытты сәттер – ұзақ әрі берік қарым-қатынастың кепілі. Жаңа жыл – осындай сәттердің бірін әйеліңізге сыйлау үшін тамаша мүмкіндік. Оны романтикалық мейрамханаға алып барыңыз. Бірге фотосессия жасаңыздар (тіпті, егер Сіз фотоға түскенді аса ұната бермесеңіз де, біраз шыдауға болады). Саябақта шампан бөтелкесі мен кәмпит тығып қойыңыз, ал соның жанынан бірге өтіп бара жатқан кезде күтпеген жерден оларды алып шығасыз (ең бастысы – оны қай жерге тығып қойғаныңызды ұмытпаңыз). Сүйіспеншілікпен және шын жүректен жасалған, тіпті, ең шағын тосынсыйды да сүйіктіңіз есінде ұзақ сақтапқалады!

Көз тартарлық безендіруді ойластырыңыз

Жай ғана шыршаның астына сыйлық қойып қою – жақсы, дегенмен аса қызықты емес. Қиялыңызға ерік беріңіз! Театр немесе ұшақ билеттерін түтікше етіп орап, әуе шарына салып, сосын оны үрлеп, шыршаға іліп қоюға болады. Кішкентай әшекейді кәмпит қорабына немесе шампан құйылған бокалға тығып қоюға болады. Әйеліңіз көрмей тұрған кезде, сыйлықты есік алдындағы Аяз Атаның қабына салып, есік қоңырауын қағып, өзіңіз тығылып қалуыңызға болады. Ол ұйықтап жатқан кезде оған сақинаны немесе кулоны бар алқаны тағып қоюыңызға болады. Жаңа жылғы таң ол үшін ең бақытты таң болады!

Және де, ең бастысы, әйеліңізге оны қаншалықты қатты жақсы көретініңізді және бағалайтыныңызды айтуды ұмытпаңыз!

Жаңа жыл құтты болсын!  

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.