Жорыққа нені аламыз: заттардың толық тізімі

Жорыққа нені аламыз: заттардың толық тізімі

Демалыс үшін көп қаржы жұмсауды қажет етпейтіндігімен жаздың ерекшелігі мол. Өйткені бізге жай ғана табиғат аясына жорыққа баруға болады: өзенге немесе көлге шомылу, алаудың жанында ән шырқау, күнге күю, балық аулау және жидектер мен саңырауқұлақ теру қызық.


Тек бір өзгешелік бар: жақын дүкен бірнеше шақырымда болуы мүмкін, сондықтан бәрін мұқият қарастырып, дұрыс жиналу аса маңызды.

Басты сұрақ: сіз шатыр алып, көлікпен (яғни классикалық жорыққа емес, дұрысы жай ғана табиғат аясына демалуға) барасыз ба, әлде белгілі бір жерге дейін пойызбен немесе ұшақпен, содан кейін жолдорбаны асып алып жаяу жүргенді қалайсыз ба?

Көлікпен шатырлы жорық

Бұл жағдайда барынша жайлы болуы үшін заттарды артығымен алған жақсы.

 

Мүмкіндігінше мына заттарды алыңыз:

• Кең шатыр.

• Күннен қалқан.

• Жылы төсеніш пен жастықтар.

• Шатырға төсеу үшін туристік кілем немесе арнайы үрленетін матрас.

• Жиналмалы орындық.

• Жиналмалы үстел.

• Бақыраш пен ыдыстар.

• Гитара (егер ойнайтын біреу болса).

• Спорттық құралдар, үстел үсті ойындар, кітаптар.

• Қармақ (егер балық аулайтын болсаңыз).

• Үрленетін матрас немесе жүзуге арналған резеңке қайық.

• Төсеніш пен сүлгі.

• Үркіткіш.

• Ең қажетті дәрілері бар дәрі қобдишасы.

• Тұтатуға арналған сұйықтық пен сіріңке.

• Қалың және жұқа киімдер.

• Су өткізбейтін киімдер.

• Резеңке етік.

• Ыңғайлы аяқ киім және шәркей.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 • Бас киім.

• Қол шам.

• Кішкене қол балта.

• Күннен қорғайтын крем.

•  Косметика (сабын, тіс пастасы, тіс қылсабы, ылғалды сулықтар және т.б.)

•  Тоңазытқыш-сөмке (ішіне тез бұзылатын тағамдардың бәрін салыңыз). 

• Азық-түлік (алғашқы күндері тез бұзылатындарын жеңіз).

Шатырмен, жолдорбамен.

Егер сіз нағыз жорыққа жиналсаңыз, онда бұл шараға аса мұқият қараған жөн: жолдорбаңызда онсыз да орын аз, сондықтан ішінде тек қажетті зат қана болуы керек. Міндетті түрде ауа райын біліңіз және аса қажеттісін ғана алыңыз:

• Ыңғайлы туристік жолдорба.

• Шағын шатыр.

• Ұйықтау қабы (ықшамды үлгісін таңдаңыз, бірақ жылы болғанын қараңыз).

• Шатырдың ішіне төсеу үшін кілемше.

• Ыңғайлы жорық аяқ киімі (бұл өте маңызды).

• Шәркей.

• Отырғыш (кез-келген уақытта отыруға ыңғайлы болу үшін оны әдетте белдік сияқты тағады).

• Жаңбырлық киім.

• Киімдер (аса қажеттілерін ғана алыңыз.)

• Бас киім.

• Бақыраш пен аздаған жеңіл ыдыс.

• Азық-түлік (консервілер, жарма, түтік кеспе, нан және т.б.), термос және су.

• Дәрі қобдишасы.

• Косметика (қажетті құралдардың шағын жиынтығы).

• Бәкі.

Тұтатуға арналған сұйықтық пен сіріңке. Құжаттар мен ақшаны да ұмытпаңыз. Біздің тізімді тағы немен толықтыруға болатынын білесіз бе?

Құттықтаймыз, Сіз екінші пазлды таптыңыз

Үшінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс