Алаяқ жұмыс берушілерге алданып қалмау

Алаяқ жұмыс берушілер

Еңбек нарығы алуан түрлі бос қызмет орындарына толы. Ең тартымды ұсыныстарды алаяқтардың жасайтын кездері жиі кездеседі. Тегіннен тегін ешнәрсенің берілмейтіні туралы бала кезімізден білеміз, бірақ сонда да ешқандай күш салмастан баюға болатынына аңқау басымыз әлі сенеміз.


Көбінесе жұмыс туралы алдамшы ұсыныстарды лауазымдық міндеттердің сипаттамасымен танысқан кезде-ақ, анығырақ айтқанда оның болмауынан-ақ байқауға болады.
Егер шам бағанасындағы хабарландыру сізге біліктіліксіз және толық жұмысбастылықсыз-ақ ат басындай алтын беретінін уәде етсе, оны елемей-ақ қойыңыз. Біз ертегіде өмір сүріп жатқан жоқпыз, және іс жүзінде еңбек нарығында мұндай ұсыныстардың болуы мүмкін емес. Тәжірибеңіз жоқ болса да сізге жалақы төлейтін жағдайлар шын мәнінде болмайды, мұндай тек ақысы төленсе де, аз төленетін тағылымдамаға орналасқан кезде ғана болуы мүмкін.

Сізді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс беруші сіздің түйіндемеңізбен танысады. Бірақ таңдау тек бір тараптан болмау керек, сіз де жұмысқа орналасайын деп жатқан компания бойынша қолжетімді ақпаратпен танысуға тиіссіз. Біріншіден, ғаламтордан оның сайтын тауып алуға әрекет жасап көріңіз. Екіншіден, компанияның мүдделерін білдіретін өкілмен телефон арқылы сөйлесіп көріңіз. «Толық ақпарат кездесу барысында беріледі» деген сөз күмән туғызады. Адал жұмыс беруші қызметінің саласын және болашақ қызметкер білгісі келетін өзге де ақпаратты жасырмайды.

Есіңізде болсын: өзіңізге қажетті бос қызмет орнына ие болу үшін ешкімге ақы төлеуге міндетті емессіз! Жұмыс беруші кадрлар агенттігіне немесе жеке адамға дұрыс ұсынылған маман үшін ақы төлеуі мүмкін, бірақ жұмыс іздеуші тарапынан ешқандай төлем жасалмауға тиіс. Беделі бар компания сізден оқытқаны үшін де, байланыстар базасы үшін де, тауарлардың үлгілері үшін де, сізді қызметкерлердің қатарына рәсімдегені үшін де ақы талап етпейді.

Сізден ақша алу әрекеттерінен басқа, алаяқтықтың сізге жұмысты істетіп, ақысын төлемейтін түрі де бар. Мысалы, сізге іс жүзінде жұмыстың өзі болып табылатын тестілік тапсырманы орындатуы, ал содан кейін лайық емессіз деп жіберуі мүмкін.
Көбінесе алаяқтардан еңбек шартын жасаспай жұмыс істейтін фрилансерлер зардап шегеді. Негізінде, шығармашылық мамандықтар тапсырысты орындауды бастамас бұрын аванс төлеуді көздейді, бірақ шын мәнінде, клиент ақымақ болып қалудан қорқады. Сондықтан дизайнерлер, фотографтар, копирайтерлер, редакторлар, сәулетшілер және басқа да тәуелсіз көркем өнершілер, мүмкіндігінше, толық ақысын алмай жатып, еңбектерінің өнімін клиентке бермеуі тиіс.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жұмыс істеп жүріп алаяқтардың қармағына түскен кездеріңіз болды ма? «Тарихын жазу» батырмасын басып, күйінішті тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.