Жаппай сатылымда өзін өзі қалай ұстау қажет

Осы бір жаппай сатылым деген тәтті сөзді-ай!

Дүкендерге қуана-қуана шабуыл жасап, есті кетіретін жеңілдікпен зат сатып алуға болатын маусымдық сатылымдарды кім жақсы көрмейді! Бірақ бұл кереметтен басың айналып, қалай қажетсіз заттарға шығындалып қалмауға болады? Жаппай сатылымда өзіңізді қалай ұстау керектігіне қатысты бірнеше кеңес берейік.


1. Қатаң шектерді белгілеңіз
Жинаған ақшаңыз салынған банктік карточкаңызды емес, жұмсауға дайын ақшаңызды ғана ала барыңыз. Сонда сіз өзіңізді бір мезеттік әуестіктен сақтайсыз. Оның үстіне, қолма-қол ақшамен төлеген кезде әмияныңыздағы ақшаның таусылып бара жатқанын өз көзіңізбен көріп тұрасыз. Жаныңызда кезекті керемет көйлекке қарызға ақша беруге дайын құрбыңыздың болмағаны абзал.

2. Сатып алатын қажетті заттарыңыздың тізімін жасаңыз
Дүкенге жай аралап шығу үшін ғана емес, нақты қажетті заттарды алу үшін барғаныңыз жөн.

3. Бағаларын салыстырыңыз
Егер жаңа бағасы үстінен сызылған бұрынғы бағасынан әлдеқайда төмен болса, бұл зат өте арзан екен деп ойлап қалмаңыз. Психологиялық тұрғыдан тиімді бағамен сатып алып жатқандай және әжептәуір ақшаны үнемдеп жатқандай болып көрінеміз. Бірақ бастапқы баға тым қымбат қойылған болуы мүмкін. Сондықтан, мысалға, ғаламторда немесе өзге дүкендерде дәл осындай заттың қанша тұратынын білуге ерінбеңіз.

4. Тауардың жеңілдікпен сатылып жатқанына көз жеткізіңіз
Көбінесе жеңілдікпен сатылатын заттар жаңа топтамалармен бірге сатылады. Сондықтан кассада жағымсыз тосынсыйға тап болмау үшін затты жаппай сатылымнан алғаныңызға көз жеткізіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

5. Сапасын тексеріңіз
Сапасы шынымен де керемет және жаппай сатылымдар маусымынан басқа кездері сіздің қалтаңыз көтермейтін заттарды ғана жеңілдікпен сатып алған жөн. Тіпті бағасы тиын тұратын төмен сапалы заттардың көп болғаны сізге қажет пе?

6. Чектерді сақтаңыз
Жаппай сатылымдар маусымында ойланбай зат сатып алуға құмармыз. Сондықтан қажет болғанда тауарды дүкенге қайтаруға мүмкіндігіңіз болу үшін чекті тастамаңыз.

7. Ғаламтордан сатып алыңыз
Қазіргі кезде заттардың көбін ғаламтор арқылы сатып алуға болады. Үйде тып-тыныш отырып, өзге нәрсеге алаңдамай, өзіңізге қажеттісін ғана таңдап аласыз.

Сатып алған заттарыңыз қуаныш әкелсін!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.