Басшы әйелдердің негізгі қателері

Басшы әйелдердің негізгі қателері

Қазіргі заманғы әйел қолы көп құдай сияқты жұмысы мен отбасын, басшы және балаларын сүйетін ана кейпін таңғажайып жолмен қатар алып жүріп, бәріне үлгереді. Бірақ кейде алуан түрлі міндеттерді орындау қиынға соғады. Біздің кеңестеріміз сізге қиындықтарды еңсеруге және биязылықтан айырылмай мінсіз басшыға айналуға көмектеседі.


1. Дұрыс эмоциялық кейпіңізді таңдап алыңыз. Жоғары лауазымды әйел көп жағдайда өзіне тән емес «еркекше» басқару стилін санадан тыс көшіруге тырысады. Бірақ іс жүзінде, жақсы басшы болу үшін қатал, әрі  өктемшіл болудың мүлде қажеті жоқ, себебі көбінесе қамшыдан гөрі жақсы сөз тиімдірек болады. Бойыңыздың күшті жақтарын пайдаланып, қаталдық пен түсінісудің арасында тепе-теңдікті орнатыңыз. Және адамдарға қарап күлімсіреуді ұмытпай жүріңіз!

2. Жұмыстағы құрбыларыңыздан бас тартпаңыз. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды бұза алады, оның үстіне жоғары лауазымды әйел әріптестері «сүйіктілерінің» бар болғаны үшін мінейді деп қорқа бастайды. Шын мәнінде, сіздің бұрыннан жақсы көретін құрбыларыңыз жаңа бастауларыңызда сізге қолдау көрсетеді, ал әріптесіңізбен бес минут қалжыңдап күліп алсаңыз бұл сіздің ауыр жұмыс күніңізге жылы реңк береді. Ең бастысы, шектен шығып кетпеңіз – асыра тұрпайылық, оның үстіне, өсек айтуға бейімділік ешбір басшыны көркейтпейді.

3. Белсендірек және батылырақ болыңыз. Қыздарға көбінесе ерте бастан әдепті, әрі  қарапайым болуды үйретеді, сондықтан олар өсе келе өзгелерді ренжітіп алмау үшін ойын сыртқа шығармауды жөн санай бастайды. Нағыз басшыға мұндай қарым-қатынас стилі мүлде лайық емес. Сіз өзіңіздің дәлелдеріңізді анық айта білуден және қойған міндеттеріңізді мінсіз орындауды талап етуден қысылмауға тиіссіз. Өйткені басшы болғаннан кейін сіз тек өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де жұмысы үшін жауапты боласыз.

4. Өзіңізге тым көп жүк артпаңыз. Бірден бірнеше рөл атқаруға үйренген әйелдер көп жағдайда барлық ұсынылған тапсырмаларға келіседі де, нәтижесінде жұмысқа белшесінен батып кеткен болып шығады. Есіңізде болсын, сіздің қабілетті екендігіңізге ешкімнің күмәні жоқ, ал жақсы басшы өзі жұмыс істеуді біліп қана қоймай, міндеттерді өзгелерге жүктеуді де білу керек.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

5. Жұмыстан тыс өміріңіз туралы ұмытпаңыз. Еңбекқорлық – бұл санадан тыс бүкіл әлемге бәрін еркектерден кем емес білетінін дәлелдеуге тырысатын басшы әйелдердің серігі. Нәтижесінде, отбасы, достары және өмірдің қарапайым қуаныштары ұмытылып кетеді. Ноутбукпен және презентациялармен емес, күйеуіңізбен және балаларыңызбен өткізген кеш сізге үйлесімділік тауып, таңертең жұмысқа көтеріңкі көңіл-күймен баруға көмектеседі.

6. Тәніңіздің тілін қадағалаңыз. Көбінесе дұрыс сөзді жақсы таңдайтын және ешқашан артық айтпайтын әйелдер қыздарға тән байқалмайтын ымдар мен қимылдар туралы ұмытып кетеді. Есіңізде болсын, көз тайдыру әдеті сіздің сенімсіздігіңізді, жасқаншақ немесе мырсылдақ күлкіңіз – көнуге дайын екеніңізді, ал өзіңіз байқамастан сұхбаттасыңыздың қолын ұстағаныңыз – онымен қылымсуыңызды байқатады. Екі ұштылыққа жол бермеу және әлсіз немесе селқос болып көрінбеу үшін маңызды презентациялардың алдында мәтінді ғана емес, қимылдарыңызды да қайталап шығыңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.