Жеткіншек кезеңінің психологиясы: жаралы жүрек

Жасөспірім кезеңінің психологиясы: жаралы жүрек

Әлдебіреумен қарым-қатынасты үзу – бұл әрдайым оңай дүние емес, бірақ жасөспірім үшін қарым-қатынастың аяқталуы ақыр замандай болып көрінеді. Осындай қиын кезеңде балаңызға қандай қолдау көрсетуге болатыны жөнінде бірнеше кеңес береміз.


Жасөспірім балаңыздың өмірі барған сайын тәуелсіз бола бастайды, енді сезімі жаралы болып қалса, «сіз бетінен сүйіп, барлығы жазылып кету үшін» көмегіңізге жүгіне бермейді. Бірақ дәл осы кезде көптеген жасөспірімдер үйде отырып қалады, осылайша олар өзінің «бұрынғысымен» кездесуден қашқақтап, қолда тұрған отбасылық қуаныштарға бөленгісі келеді. Балаңызбен арада айқын да, ашық немесе мүлдем керісінше болсын, жалпы қандай қарым-қатынас болмасын, сізге кез келген жағдайда қарым-қатынасты үзуге қатысты бірнеше маңызды кезеңнің болатынын есте ұстау қажет.

«Жүрегі жаралының» қасында не істеу керек
Сізді тастап кеткенде көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болмайтыны айдан анық, бірақ, көп жағдайда, қарым-қатынасты үзу бастаушысының өзі үшін ауыр сынақ, әсіресе, егер сылтау серіктесінің сезіміне деген сенімсіздік болса. (Әрі-беріден соң, қайсымыз осыған ұқсас жағдайға душар болмадық десеңізші?!) Басыңыздағы жағдайдың сипаты қандай болса да, осыны ескеріп жүріңіз.

• Бұл сіздің драмаңыз емес. Жанашыр болыңыз, сізге айтқанның барлығын тыңдап, еңсесін көтеретіндей, қолдайтындай сөз айтыңыз, бірақ өзіңізді балаңыздың эмоциялық күйіне түсетіндей күйге жеткізбеңіз.

• Бірге өткізген айлар (немесе жылдар) бойы балаңыздың серіктесімен таныс болсаңыз, онда сезімге ерік бермеңіз. Әдептілік танытып, балаңыздың наразылығын бөлісе аласыз, бірақ "Жарайды, бәрібір мен оны ұнатпаушы едім" немесе "Өкінішті-ақ, ол сондай сүйкімді еді" деген сияқты сөздерді айтушы болмаңыз. Достарымызға «Е, кетсінші әрі!» дегендей жұбату айтып, кейіннен олар бұрынғы сүйгендерімен қайта қосылғанда өзімізді ыңғайсыз сезінген жағдайлар бастан өтті ғой. Қайткенмен де, балаңызға бұрынғы серігінің жақсы қасиеттері жөнінде айтудың тіптен керегі жоқ!

• Қарым-қатынас үзілуінің күрделілігін бағаламау дұрыс емес. «Осыған да қайғырасың ба, бұндай жағдайлар толып тұр» деп іштей есептеуіңіз мүмкін, бірақ дауыстап айтушы болмаңыз. Солардың жасында өзіңізді – ұнататын баламен бір автобуста жол жүргенде жүрегіңіз одан бетер қатты соққан кезді еске түсіріңіз – сонда сіз де балаңыздың жүрегінде қаншама сезім толып жатқанын түсінетін боласыз.

• Егер жасөспірім сөйлескісі келмесе, жақсы тыңдаушы болыңыз. Көптеген шешім қабылдауды және барлығын бірден орнына келтіруге талпынуды ұсынуға асықпаңыз. Оның орнына өзіңіздің жеке тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Бүге-шігесін айтудың қажеті жоқ, бірақ сіздің жас кезіңізде осыған ұқсас болған хикая оған сіздің оны түсінетініңізге сенуге септігін тигізеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• Ұлыңыздың немесе қызыңыздың әкесімен ажырасқан болсаңыз, барлық қарым-қатынастар осындай түрде аяқтала бермейтінін айтып түсіндіріңіз. Осы жөнінде не тікелей, не сізбен және оның әкесімен арада әлі де достық қарым-қатынас бар екенін көрсете отырып айта аласыз (әрине, солай болса).

• Балаңыз үйде жиі болатыны жаман емес шығар, сондай-ақ, оның көп уақытын өз бөлмесінде өткізетіні де қалыпты болар, бірақ тамақ ішу керектігін ұмытпай, өз ахуалын шеше бастағанына – достарымен араласып, спортпен шұғылданып жүргеніне (тіптен бұл орасан футбол матчы емес, жай ғана боулинг болса да) көз жеткізіңіз.

• Үлкен балалардың өзінен кіші балаларды ренжітуге болмайтынындай, кіші бауырларына да аға-апайларын қарым-қатынасты үзуге қатысты мазақтауына рұқсат бермеңіз. Әрине, өз балаңызды өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді, ренжітіп алмас үшін әрбір жасөспірімнің айналасында аяқтың ұшымен жүрудің де қажеті бола бермейді, бірақ бұл оның сезімдері отбасындағы мазақ пен ойынға сылтау болуы тиіс деген сөз емес.

• Келешекті ойлаңыз. Балаңыздың өміріне әлдебір жақсы істі кірістіріп көріңіз – екеуіңізге де ұнайтын әлдебір іспен айналысыңыз, бұл дүкенге барып бірдеңе сатып алу, футбол матчына бару не ұнататын кафеде кешкі ас ішу болсын.

• Соңында айтарымыз. Қөз қиығыңызды сала жүріңіз. Қарым-қатынастың қанша уақытқа созылғаны маңызды емес – кейбіреулеріне кез келген қарым-қатынасты үзу жанына аса батады. Балаңызда күйзеліс басталмады ма, соны байқаңыз. Егер сізді осы мәселе алаңдататын болса, дәрігеріңізбен сізге көмектесе алатын жергілікті орталықтар мен ресурстар жөнінде сөйлесіңіз.

• Егер балаңыз өзінің проблемалары жөнінде сізбен сөйлескісі келмесе немесе сөйлесе алмаса да, бұл жағдайдың сіз үшін бейжай еместігі жөнінде есіне салыңыз (немесе жақын достарының біріне тұспалдап айтыңыз), бұл оған, кейін өзі ұйғарғанда сіздің қолдауыңызға жүгіну мүмкіндігін қалдырады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс