Алғашқы қарым-қатынас

Жеткіншекке айырылысуды бастан өткеруге қалай көмектессе болады

Сүйіктілермен айырылысу және ұрсысып қалу – бұл әрдайым көңілге қаяу түсіреді, тіпті ересек адамдарға да ауыр тиеді. Мұндай кездегі жеткіншектің халі ше! Оларға өмір осымен бітті деп көрінуі мүмкін. Сондықтан ата-аналарға баласын уақытында, бастысы дұрыс қолдау маңызды. Жеткіншекке қарым-қатынас айырылысын бастан өткеруді көмектесу үшін төменде бірнеше кеңес береміз.


Бұл сіздің қайғыңыз емес

Қажет болғанда аяушылық танытып, оған ат салысып, қасында болуыңыз тиіс, бұл жағдайда тура сондай құлазыған және сасқалақтаған күйде болмаңыз. Оның есебінен ұмыт болған эмоцияларды бастан өткізгіңіз келетін сезім болмайтындай баламен өзіңізді тең етіп ұстамаңыз.

 

Әдептілік танытыңыз

«Маған сол ұл (қыз) ұнаған жоқ, кетсе кете берсін, жолын ұстама» деген сияқты сөздерді айтушы болмаңыз. Балаңыз сіздің алдыңызда ыңғайсыз сезініп қалады, сондықтан оған бұл ісіңізбен өмірін жеңілдете алмайсыз. Егер қызыңыз немесе ұлыңыз күйзелісте болса, онда сол ұл немесе қыз әлі де оған керемет адам болып көрінеді. Тек уақыт қана оларға барлығын өз орнына қоюға көмектеседі.

 

Бала сезімін бағаламай қоймаңыз

Тәжірибелі, әрі ұзақ жыл жасаған сізге осыған бола көз жасын төгу керек емес болып көрінетін шығар. Бірақ сол жастағы өзіңізді еске түсіріп көріңізші. Өйткені сол мезетте сезімдеріңіз бен уайымдарыңыз нағыз сезім болып еді ғой! Сондықтан балаларға әлі талай осындай қызды не ұлды кездестіретінін, кейін осының барлығы далбаса болып көрінетінін айтпаңыз. Немесе «Әлемде сенен де жағдайы нашар адамдар бар, осыған бола көңіліңді түсіріп жүру ұят емес пе?» деп те айтуға болмайды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Жақсы тыңдаушы болыңыз

Бала сізге ішіндегісін ақтара ашылып, өз уайымдарымен бөліскісі келетін болса, міндетті түрде тыңдауға уақыт табыңыз. Егер балаңыз жалғыз қалғысы келсе, сұрақ қойып, мазасын алмаңыз. Балалар өздері қалаған уақытында сізді жанынан табатынын білуі тиіс.

 

Қамқоршыл және рақымшыл болыңыз

Баланы қамқорлыққа баулыңыз, дәмді тағам дайындап беріңіз, айналысатын ортақ қызық істерді ойдан шығарыңыз, барлық бастамаларында оларды мақтап жүріңіз. Қозғалып, жүгіретін ойындар және спорт өте жақсы көмектеседі. Жағдайды сейілтіп, ауыстыру үшін балаңызға қандай да бір секцияға жазылуды ұсыныңыз. Қызық жерге саяхат та артық болмас еді.

 

Балаларыңыз оларды түсінетініңізді және әрдайым қол ұшын беретініңізді сезуі тиіс!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс