Емтихан кезі: оқушыға қалай көмектессе болады?

Емтихан дайындығында балаға қалай көмектессе болады

Көктем келіп қалды! Бірақ, оқушылар еркін қыдыра алмайды. Алдыда емтихан күтіп тұр, яғни, бар күш-жігерін жинап, ұқыпты оқуын жалғастыру керек. Емтихан алдында балаға осындай тамаша, бірақ қиын күндерде жұмыс істеу бабын және зейінін сақтауға қалай көмектесуге болады?


Дүрбелеңге салынбаңыз. Көптеген балалардың бағалары көктемде шамалы нашарлай бастайды. Осыны байқаған, емтиханнан үрейленген ата-аналар өздерінің қамсыз жүрген балаларына екі есе күш сала бастайды. Осы кезде қателікке ұрынады! Педагогикалық психологияда «соңғы тоқсан синдромы» термині бар: қыстан шыққан балалар шаршады, оқуға зауқылары азайды, сондықтан үлгерімі шамалы құлдырамай қоймайды және бұл қалыпты жағдай. Осы кезде балаға әсіресе қысым түсірмеу, оқудан табынатын пұт жасамау қажет және барлық әңгімені мектеп мәселелеріне тіреудің қажеті жоқ.

Медициналық жайт. Көктем – әдетте әлсіздікпен, аса тітіркенушілікпен, ұйқы басарлықпен және бір уақытта ұйқысыздықпен келетін гиповитаминоз кезі. Бала жиі қыңырланып кетіп, тез шаршайтынын байқадыңыз ба? Еріншектігі мен жинақсыздығы үшін баланы ұрыспаңыз, оның еш кінәсі жоқ. Дұрыс таңдалған мультивитаминді кешен, күнделікті серуендеу және құрамдастырылған тағам (мысалы, балық, жаңғақ пен өрік ми белсенділігін арттырады) қазіргі уақытта әлдеқайда тиімді ақыл болып табылады.

Үзіліс. Ұлыңыз немесе қызыңыз шынымен өз мүмкіндіктері шегінде болатынын түсінетін болсаңыз, онда оларға толыққанды демалысты қамтамасыз етіңіз. Мұғаліммен бала бір-екі күн – демалыс алдында немесе одан кейін – сабаққа келмейтінін айтып, келісіп көріңіз. Бұл оқуды әрі қарай жалғастыруға күшін қалпына келтіруге және жинауға толығымен жеткілікті болады. Бастысы, демалып жатқан күндерде демалатын балаңыз жеткілікті ұйықтап, серуендеуі тиіс (компьютер алдында отырмай). Оқу туралы бір сөз айтылмауы тиіс! Алаң болмаңыз, емтиханға дайындық кезінде осы демалыс оңтайлы әсер етеді!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ынталандыру. Аса талап етілген сенім кез келген мотивацияны және оқудағы қызығушылықты өлтіруге қабілетті. Егер жыл бойы балада физикадан нақты төрт болса, емтиханнан бес алуын талап етпеңіз. Бірақ, дегенмен, оқу үрдісін бақылау қажет. Баламен бірге күнделікті оқу-ойын-сауық жоспарын құрыңыз: осылай ол әрдайым ұзақ күткен серуенге дейін қанша тапсырма жасау керектігін нақты білетін болады. Дәл қазір ол әдебиетті оқып жатыр, одан кейін – математика, ал сосын самокат тебуге шығады. Бұдан басқа, жүктемені дұрыс қолдануға және түні бойы кітапты құшақтап отырудан арылуға көмектеседі: осы қиын кезде ұйқысын қиып сабақ оқуға қатаң түрде болмайды.

Елестету. Барлық оқушылар емтиханға кірер алдында уайымдайды, бұл уайымдар дайындалған сабағыңның білетіндерін ұмыттыруға да әкелетін кездері болады. Баланы жігерлендіріп, жақсыға бағыттауға елестету әдісі көмектеседі. Бірге емтиханның толық суретін салып көріңіз: үстелде билеттер қалай қойылады, бала қайда отырады, қандай баға алады және т.б. Неғұрлым көп нәрсені талқыласаңыз, соғұрлым балаға сол сәтте жеңіл болады. Қалауынша үйде репетиция жасауға болады, оны бастамас бұрын мақсатыңыз баланың білімін тексеру емес, оны ең қиын емтиханның өзін де жеңе алатынына сендіру екенін есте ұстаңыз.

Балаңыздың алдағы сынаққа дайындығы қалай?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.