Балалармен махаббат пен жыныстық қарым-қатынастар жөнінде сөйлесу

Махаббат жайында балалармен қалай сөйлессе болады

Кішкентай қызымыз бойжетіп қалғанын және әлдебір ұл баламен қол ұстасып кетіп бара жатқанын аңғармай да қаласыз. Балалармен махаббат пен отбасы жайында қалай сөйлессе болады?


Уақыт деген зымырап өтеді: кішкентай қызыңыз әдемі бойжеткен болып өсіп, әлдебір ұл баламен қол ұстасып жүргенін, ал ұлыңыз әлдеқашан қырынып, жалаңаш әйелдердің суреттерін жасырын қарап жүргенін байқамай да қаласыз.

Бұл есті кетірер жәйтті қалай бастан өткізсе болады, ал бастысы – бозбала мен бойжеткендерімізге жақындық пен есею жөнінде айту үшін дұрыс сөздерді қалай тапса болады?

Ең бастысы – осындай әңгімелерді балаларыңыз әлдеқашан өсіп, ғашық болып қалған кезде және аяқ асты кенет бастауға болмайтынын түсіну қажет. Осындай әңгімелердің негізі ерте жастан бастап, балаларыңыздың тәрбиесінде мұқият талданған болуы тиіс. Бірақ бұны өте жұмсақ және білдіртпей жасау қажет. Қандай да бір фильм көріп отырып, көшедегі жарнамаға қарап келе жатып немесе бір хабар көріп отырып түсіндіріңіз. Балалар сұрақ қойғанда үндемей қалмаңыз, әрдайым түсіндіретін әдісті табыңыз. Күлмеңіз де, қысылмаңыз.

Отбасы жайында балаға қалай айтса болады

Жыныстық жақындық жөнінде балаңыз өзі-ақ біліп алады, ал сіздің басты міндетіңіз – отбасыңыздағы құндылықтар, дәстүрлер, құрмет, адамгершілік пен өнегелі қағидалар жөнінде айту. Ештеңені міндеттемеуге тырысыңыз, тек жеке мысалмен махаббаттың төсектегі қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар, қамқорлық пен жауапкершілік екенін көрсете біліңіз.

 

Сүю құқығы

12 жасар балаңыз ғашық болып қалғанын айтқанда, бұған салмақты қараңыз. Әрине, сіз бұл өмірлік махаббат екеніне онша сенбейсіз. Бірақ жеткіншектің сезімін бағаламау дұрыс емес. Соның жасындағы өзіңізді еске түсіріңізші, сол кезде шынымен ғашық екеніңізді білдіңіз бе? Одан да оны қолдап, өзіңіздің мектеп махаббатыңыз туралы айтып беріңіз, оны түсініп тұрғаныңызды және әрдайым оған көмек беретініңізді түсіндіруге талпыныңыз. Осы жағдайда ғана бала сізге сеніп, кеңес ала алады.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жауапты тәртіп

Балаңыз жыныстық қарым-қатынасты бастағанын білген болсаңыз, ұрса жөнелмеңіз де, оны жазаламаңыз. Бәрібір енді ештеңе жасай алмайсыз. Қазіргі сіздің басты міндетіңіз – жас өспірімді жауапты болуға үйрету. Оған қорғану құралдары және ықтималды қауіптер жөнінде айтып беріңіз, ал қызыңызды гинекологқа апарыңыз.

 

Жеке намыс сезімі

Балаларыңыз жыныстық қарым-қатынасты өте ерте бастамасын десеңіз, барлық әдістермен олардың өзіне деген бағасын, өзіне деген сенімділігін және жеке намыс сезімін көтере біліңіз. Статистика бойынша өзін бағаламайтын, өзін қайран қалдырмайтын және қадірі жоқ деп санайтын жеткіншектер жыныстық қарым-қатынасты ерте бастайды. Егер балаға отбасында жылу мен көңіл жетіспесе, ол оны басқа жерден және басқа жолмен табуға талпынады.

 

Сенім және тыңдай білу

Жеткіншекпен араласу түрін таңдай отырып, барлығын айтуға  қорқатын қатаң ата-ана және өзімен есептеспейтін, барлығына немқұрайды қарайтын құрбы арасында теңгерімді табуға тырысыңыз. Ата-аналар – дұшпан жандар емес, ең жақын достар. Балаңыз әрдайым сізге арқа сүйей алатынын және қалауы болса, барлығын айтып бере алатынын білуі қажет. Сөзін бөлмей және бағалау пікірлеріңізді айтпай, шыдаммен тыңдап үйреніңіз. Сонда ғана балалармен терең үйлесімді қарым-қатынас орната аласыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.