Қыздардың жасөспірім кезеңі: етеккір  циклы

Қызыңызды алғашқы етеккірге қалай дайындаса болады

Қызыңыз абдырап қалмай, қателік жасамауы үшін оған етеккір туралы қалай түсіндіру керектігі жөнінде жеті кеңес.


  1. Дене пішімің өзгереді

Жаным, сендегі болып жатқан өзгерістерді сезесің бе? Қазір сенде керемет құбылыстар болып жатыр: сен әйел болуға дайындалып жатырсың! Бұл деген тамаша! Денеңде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сен тез өсіп келесің, сұлбаң әйелдік пішімге ие болуда. Омырауың үлкейіп, домалана бастады. Шатта  және  қолтық астында түктер өсе бастайды. Бұл қалыпты жағдай ғана емес, ол жақсы және дұрыс. Бойыңдағы өзгерістерден ләззат алып, ештеңеден қорықпа!

 

  1. Жақын арада алғашқы етеккірің басталады

Қызда алғашқы етеккір қашан басталатынын білгің келіп бара жатыр ма? Өзгерістерді, омырауыңның ұлғаюын және жасырын жерлердегі түктердің өсуін байқаған мезеттен бастап, алғашқы етеккір басталғанға дейін екі жылға дейін өтуі мүмкін. Дегенмен, ол қазір де келуі мүмкін. Алғашқы цикл басталуының орташа жасы – 11-13 жас. Оған дейін іш киіміңде сарғыш дақтарды – етеккірдің «алғашқы белгілерін» байқай аласың. Осы бөлінділер қалыпты болып табылады: қынап аймағының қажетті ылғалдануын қамтамасыз етеді және инфекциялардан, әсіресе, уылудан сақтайды. Бірақ бөлінділерден жағымсыз иіс шығатын болса және сол жерің ауырып, ашып немесе қышып жатса, бұл инфекция сияқты, дереу дәрігерге көріну қажет.

 

  1. Етеккір – сенің әйелдік цикліңнің бір бөлігі ғана

Ай сайын денеңде гормондар әсерінен овуляцияға әкелетін бір құбылыстар болады. Бұл етеккірден басталатын айлық етеккір циклі. Келесі етеккір айының бірінші күні – бұл жаңа циклдің бірінші күні. Оның ұзақтығы 22 бастап 45 күнге дейін өзгеріп, алдымен осы мерзімдер ауысып тұруы мүмкін. Сенде алғашқы етеккір басталғанда дереу күнтізбе бастап, етеккірдің басталған және аяқталған күндерін белгілеп жүр. Келешекте гинеколог қабылдауында болғанда саған қажет болады.

 

  1. «Сол» екенін қалай білесің?
Always Әр күн нормал күнделікті гигиеналық төсемелері 60 дана
Always Әр күн нормал күнделікті гигиеналық төсемелері

енді табу

Іш киімде ылғалдылық сезімін және етеккір бөлінділері келуін сезе аласың. Әдетте бұл ұзақ отырғаннан немесе жатқаннан кейін кенет тұрғанда болады. Мұндай кезде қатты сезіледі: қатты қысыммен сенен сұйық аққан болып көрінеді. Мұндай жағдай сен демалып жатып, бөлінділер жиналғанда болады.

 

  1. Дайын бол

Бойжеткеннің алғашқы етеккірі кенет басталуы мүмкін. Етеккір келгенде сен шошып кетпес үшін келуіне алдын ала дайындал. Әрдайым Always Large күнделікті төсемелерін қолдан, олар әдеттегі түрге қарағанда ұзынырақ және алғашқы етеккір бөлінуі кезінде ағып кетудің оңай алдын алады. Өзіңмен мектеп сөмкесіне Always бір-екі гигиеналық төсемесін және керек болған жағдайда таза іш киімді міндетті түрде салып жүр. Сенің алғашқы төсемең үлкен болмауы тиіс. Жұқа және жақсы сіңіретін Always Ultra Fresh Normal Plus алғашқы етеккіріңді сеніммен қарсы алуға көмектеседі. Алдымен үш-төрт тамшы сіңіргіш түрі жеткілікті болады. Әрі қарай жағдайға қарап аларсың.

 

  1.  Ауырсыну және тарыла қабысу сезімдері кейде болып жатады

Қыздар етеккір келгенде іштің төменгі жағында ауырсыну және тарыла қабысу сезімдерін жиі сезеді. Жағымсыз сезімдер мазаңды алмас үшін дұрыс өмір салтын ұстану, тік жүру, спортпен айналысу және дұрыс тамақтану қажет: майлы, ащы және ұннан жасалған тағамдарды аз мөлшерде жеуге тырыс.

 

  1. Етеккір сенің күнделікті өміріңді күңгірттемеу қажет

Етеккір келгенде жақсы көретін спортпен айналысудан, белсенді ойындардан және қозғалуды талап ететін өзге істерден бас тартпауың тиіс. Жай ғана өзіңе сәйкес келетін қорғанысты – тампондарды немесе жақсы сіңіретін төсемелерді таңдағаның дұрыс. Кез келген қажеттіліктерге, соның ішінде алғашқы етеккірге төсемелердің көп түрін Always топтамасынан табуға болады. Өмірден рахат ал және етеккір саған қолайсыздық тудырмасын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс