Қызымның омырауы өсе бастады

Қызыңыз бойжетіп барады

Бойжеткеннің жыныстық жетілу кезеңі – маңызды да, күрделі кезең. Қызыңызда негізсіз қысылу, аса ұялу жағдайлары туындамас үшін оған тиісті қолдау көрсетіңіз!


Қазір бұл түкке тұрғысыз нәрселер болып көрініп тұрған шығар, бірақ оның жасында өзіңізде болған көптеген толқу сезімдерін еске түсіріп көріңізші. Қыздың омырауы өсе бастағанда, анасы қалай көмектессе болады?

Омырау қашан және қалай өсе бастайды

Омырау өсудің алғашқы белгілері 3-5 сыныптың аяғында біліне бастауы мүмкін, бірақ бүкіл үрдіс кем дегенде 4 жылға созылады. Одан  кейін омырау ересек кезінде де өзгеруі мүмкін, бірақ бұл жүктілікпен немесе салмақтың елеулі өзгерісімен байланысты болады.
Бастысы – өсіп келе жатқан қызыңызға барлық адамдар бірдей еместігін түсіндіру қажет. Егер 13 жаста құрбысында 3-өлшем болып, ал қызыңызда әлі кіп-кішкентай болса, онда оның бойында бір кемістік бар деген сөз емес. Біріншіден, ол әлі-ақ оған жетіп, тіпті одан да асып кетуі мүмкін, екіншіден, оның дене бітімі басқа артықшылығымен ерекшеленуі мүмкін!
Омырау ұшы мен омыраудың ішкі бөлігі туылғанда-ақ қалыптасқан, дегенмен, омырау аналық безі эстрогенді бөліп шығаруды бастағанда ғана өсе бастайды. Алдымен, омырау шамадан тыс үшкірленген болып көрінуі мүмкін, бірақ уақыт келе ол домаланған қалыпқа келе бастайды.

Қызыңыздың ықтималды реакциялары

Дененің жаңа мүшесінің кенеттен өсуі – өте толғандыратын процесс. Жақында ғана тек іш киіммен жағажайда еш алаңсыз жүгіріп жүр едім, енді кенет ұлдар маған көз сала бастаған бойжеткен қыз бола қалдым. Бір қыздар өз омырауынан ұяла бастайды, оны кең киім астына тығады, басқалары керісінше әдемі төскиім сатып алуға асығады, және өздерін әйел етіп сезінгісі келеді. Кез келген жағдайда қызыңыз сіздің кеңесіңіз бен қолдауыңызға зәру.

 

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Төскиімді  таңдау

Егер қызыңыз төскиім киюден бас тартатын болса, онда оған қарапайым омырауды ұстап тұратын мақтадан жасалған топикті сатып алу қажет. Қазір көптеген ашық түсті және көңілді модельдерді шығарып жатыр. Егер керісінше қызыңыз пуш-ап дегенді алғысы келсе, онда алдымен сөйлесіп көріңіз. Оған әйел болуға, декольте мен қысқа белдемшені киюге әлі-ақ үлгеретінін айтып түсіндіріңіз. Барлығы өз уақытында болатынын және күрт ересек өмірге аттап секірудің қажеті жоқ екенін айтыңыз.

 

Дүкеннің киім өлшейтін бөлмесінде неменеге назар аудару қажет

  • Төскиім омырауға жабыспауы немесе артынан өте жоғары көтерілмеуі қажет.
  • Қолды көтергенде омырау төскиімнің ішінде қала беруі тиіс.
  • Төскиім өте кең немесе тар болмауы тиіс.
  • Омырау үлкен болған сайын аспа бауы да соғұрлым кең болуы тиіс.
  • Төскиім өлшемін таңдағанда, алдымен ол ең жақын ілмекке ілінетіндей болуы тиіс. Өйткені уақыт келе корсет жағы созылып кетеді.
  • Төскиімді етеккір келетіннің дәл алдында сатып алмаған дұрыс, өйткені бұл уақытта омырау ісінеді.

 

Қызыңыздың өміріндегі алғашқы төскиім – бұл екеулеп тортпен шай ішіп, атап өтетіндей бір мейрам іспетті болуы тиіс!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.