Үй жағдайындағы спа-салон. Рет-ретімен нұсқаулық.

Үй жағдайындағы спа

Суық және жауын-шашынды күні өзіңіз бен бойжетіп қалған қызыңызға демалыс күнін және өзіңізге күтім жасау процедураларын ұйымдастыратын уақыт келді. Бұл тек босаңсуға көмектесіп, өзіңізді қалыпқа келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, қызыңызбен жақындасуға септігін тигізеді. Үйде өткізген уақыт бізге тек қуаныш пен қанағат сездіруі тиіс!


Сонымен, үй жағдайындағы спа-салонына не қажет болады:

  • Аяқ ваннасы
  • Аяқ башпайларының арасын ашатын бөлгіштер
  • Аяққа арналған пемза мен ысқыш
  • Тырнаққа арналған егеу құралы
  • Орамал
  • Аяққа арналған сүйікті лак бояғышыңыз
  • Теңіз тұзы мен хош иісті шөптер (жебіршөп және жалбыз)

Бірінші қадам. Ваннаға жылы су құйып, оған шамалы теңіз тұзын және шөптерді – жебіршөп пен жалбызды қосыңыз. Жебіршөп антисептикалық және антибактериялық қасиетке ие, ал жалбыз тыныштандыратын әсер береді.

Екінші қадам. Аяққа арналған ысқышпен және пемзамен аяқты қырыңыз да, одан кейін 5-10 минутқа суға салып қойыңыз. Су өте ыстық немесе суық еместігіне көз жеткізіңіз.

Үшінші қадам. Аяқты орамалмен сүртіп, кептіріңіз де, егеу құралын қолдана отырып, тырнақтарға әдемі қалып жасаңыз. Егер сізде арнайы таяқша бар болса, кутикуланы итеріңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Төртінші қадам. Енді тырнаққа лак жағатын кез келді. Ол үшін башпайлар арасын ашатын бөлгіштерді қолданған дұрыс, сонымен әлдеқайда ыңғайлы болады. Алдымен бір қабатын жағып, лактың кебуін күтіңіз, кейін екінші рет бояңыз.

Бесінші қадам. Тырнақтағы лак кеуіп болғанша, бір-біріңнің шашыңызды жуыңыз да, оларға ылғалдандыратын масканы жағыңыз.

Алтыншы қадам. Масканы шайып тастауға болатын уақытты күтіп отырғанда оны текке өткізбеңіз. Бір-біріңіздің мойындарыңыз бен  иықтарыңызды уқалаңыз. Бұл босаңсуға көмектеседі.

 

Барлық процедуралардан кейін шай шығарып, жай ғана әңгіме-дүкен құрып, сөйлесіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.