Отбасымен бірге жұрт алдына шығу: жеткіншекпен қалай келісу керек

Отбасымен бірге жұрт алдына шығу: жеткіншекпен қалай келісу керек

Егер жеткіншек ұлыңыз отбасымен бірге театрға немесе мейрамханаға барғысы келмесе, не істеу керек?

Отбасымен бірге жұрт алдына шығу — толқытатын және асыға күткен оқиға, ең алдымен ата-ата үшін. Кешкі костюмдер дайын, көңіл-күй жақсы: әне-міне деп енді абыроймен театр залына кіресіз немесе таңдаулы мейрамхананың ең жақсы отбасылық үстеліне жайғасасыз. Сіз балалармен зайырлы әңгімелесуді, спектакль немесе шоу жайындағы әсерлеріңізді бөлісуді және өсіп қалған сүйкімді, тәрбиелі, әдемі балаларыңызды аздап мақтан етуді армандайсыз.

Дегенмен, кейде балаңмен театрға бару жолындағы арманыңызға шындық ауыр кедергілер орнатады. Әсіресе, егер балаларыңыз өтпелі жаста болса. Және көбінесе бұл жеткіншек жастағы ер балаларға қатысты. Оларды галстук тағып, смокинг киюге көндіру оңай емес. Егер отбасылық оқиғаға бір күн қалғанда ұлыңыз: ешқандай галстук және бабочка тақпаймын, тек сүйікті тобымның принті бар толстовкамен ғана және аз ғана уақытқа барамын – одан да маңызды істерім бар деп талап қоятын болса, Сіз өзіңіздің әлсіздігіңізді сезінуіңіз мүмкін. Осындай күтпеген мінез-құлық жолдан тайдырады да, Сіз: «Оған не болды? Ол көнгіш жақсы бала болып еді ғой?» деп аузыңызды ашып тұрып қаласыз.

Оның жан-дүниесінде ауыр гормондық өзгерістер орын алды, есеюдің күрделі кезеңі мен тұлғаның қайта қалыптасуы жүріп жатыр. Әдетте осының барлығы шиеленіскен сезімдермен және комплекстермен толықтырылады. Себебі өзгерістер оның тек тұлға ретінде қалыптасуында ғана емес, сондай-ақ денесінде де жүріп жатыр – ол бейтарап болудан қалады, түктер, жағымсыз иістер пайда болады, осының барлығы бала әлі әдеттенбеген гигиеналық жаңа ережелерді талап етеді. Және де ол жасқаншақтана береді. Өзін жұрт алдында барлық жеткіншектік кемшіліктерімен көрсеткенше, үйде қалғаны жақсы. Жеткіншек ұлыңызбен бірге отбасымен жұрт алдына шығу үшін не істеу керек және не істемеу керек?   

1. Ұялтып немесе тәуір киінуге көндірудің немесе ақыл айтудың орнына, балаға таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз. Баратын жерлеріңізді сипаттап беріңіз, театрда балалардың өзін-өзі  ұстауы ережелеріне, дресс-кодқа ерекше көңіл аудартыңыз (ол Сіздің тілегіңіз емес және оны толстовкамен ол жерге кіргізбейтінін түсіндіріңіз), киімнің бірнеше нұсқасын, соның ішінде жастар элементтері бар ымыралы киімдерді ұсыныңыз. Жеткіншектер ата-анасы жағынан көрсетілген қысымға негативті пікір білдіреді, ал таңдау өзінің шешім қабылдауына еркіндік береді.

2. Біз осындай спектакльді көруге театрға барамыз, киім үлгісі мынадай деп кесіп айтқанша, қызықтырыңыз. Барлық картаны бірден ашпаңыз. Қайда баратындарыңызды толық айтып бермеңіз, күйеуіңізбен жұмбақтап «сыбырласыңыздар», күлімсіреңіз, мәз-мейрам болыңыз, үйде қандай да бір сиқырлы нәрседен дәмеленіп жүргендей жұмбақтап жүру жағдайын жасаңыз. Қызығушылық танытқан балалар әдеттегі отбасылық кездесуде ерекше не жағдай болатынын міндетті түрде тексеріп көргілері келетін болады.

3. Баланы бопсалаудың орнына (егер бармасаң, сауық кешіне жібермеймін), келісім немесе шарт жасасыңыз. Бұл келісімге келудің және өсіп қалған адамның келісімін алудың ең жақсы әдісі. Барлығын шынайы, яғни қағаз бетіне екі тараптың да қолдарын қою арқылы жасауға болады. Барлығы үшін тиімді және орындалатын шарттарды ұсыныңыз: мысалы, костюммен және бабочкамен театрға отбасымен бірге барған соң, ыдыс жуудан босатылуды немесе жаңа сәнді толстовка сатып алып беруді ұсыныңыз. Бастысы, шарт барлығының көңілінен шығу қажет.  

4. Түктердің қарқынды өсуіне және тердің көп мөлшерде бөлінуіне қарамастан, айналадағылар ештеңені байқамайды және ебедейсіз жеткіншекті келеке етпейді деп түсіндіруге тырысудың және көндірудің орнына оған сыйлық жасаңыз. Нағыз ерлер сыйлығын сыйлаңыз. Егер Сіз өмір бойы күйеуіңізге осындай сыйлықтар жасаған болсаңыз, онда ұлыңыз оған ересек ер адам ретінде қарайтыныңызды бағалайтын болады. Ол заманауи әрі сәнді, затбелгісінің өзі сый-құрметке ие өзіне күтім жасауға арналған сапалы құрал жиынтығы болуы мүмкін: душқа арналған гель және дезодорант. Мысалы, оған Old Spice Wolfthorn жиынтығын сыйлаңыз. «Ересектердікіндей» хош иісі бар осы өнімдерді пайдалану рәсімінің өзі жеткіншектің өзін стильді сүйкімді ер азамат сезінуіне мәжбүр етеді және осы күйінде ол жұрт алдына шыққысы және өзінің есейгендігін көрсеткісі келетіні сөзсіз. Және есіңізде болсын: сыйлықты «балам, сен енді есейдің!» деген сөздермен сыйлауға болмайды, сыйлықты үндемей абыроймен сыйлаңыз, ненің не екенін балаңыз өзі түсінеді.  

Ыңғайын дұрыс тапқан және шексіз махаббатыңызды білдірген кезде, Сіз жеткіншегіңізбен өзара түсіністікке қол жеткізе аласыз және Сіздердің отбасымен жұрт алдына шығуларыңыз жылдың ең үздік оқиғаларының бірі болады!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз