Неліктен әдеттегі сабын жеткіліксіз болуы мүмкін?

Сізге әкелді safeguard
safeguard-nelikten-adettegi-sabyn-zetkiliksiz-boluy-mumkin
Бактерияға қарсы сабынды қолдану аясында бірін-бірі туындатқан қиялға ұқсас пікірталас қашанда көп жүргізіледі. Біреулер бактерияға қарсы сабынның пайдасы ұшан-теңіз, оған барлық косметикалық құралдарды алмастыру қажет және онымен күніне бірнеше рет жуыну керек деп есептейді. Ал енді біреулер, бұған керісінше ойда. Шешімін тауып көрелік.

Неліктен әдеттегі сабын жеткіліксіз болуы мүмкін? Әдеттегі сабынның әрекеті терінің бетіндегі микроағзаларды біржақты шаюмен байланысты. Ал Safeguard сияқты бактерияға қарсы сабын құрамында тікелей бактерияға қарсы әрекет ететін құрауышы бар. Оны ішек ауруларының негізгі қоздырғыштарымен және басқа да вирустық жұқпалармен тиімді күресетінін зерттеулер растаған.

Бактерияға қарсы сабынның көптеген жақтаушылары оның ұзақ қорғаныш қасиетіне сенеді. Бұл, әрине, мүлде олай емес. Бактериялар қайтадан пайда болмайды деп есептеуге негіз жоқ. Мысалы, алдын-ала қолыңызды бактерияға қарсы сабынмен жуғаныңызбен, қоқысты тастағаннан кейін қолыңызды бірден бетіңізге жақындатуға болмайды.

Бактерияға қарсы сабын зиянды бактериялармен бірге терідегі пайдалы қорғаныс қабатын шайып кетеді деген пікір бар. Бұл олай емес. Адамдар үшін табиғи бактериялар зиян келтіретін өз туыстарына қарағанда тез қалыпқа келуге асқан бейімділік пен тұрақтылық танытатынын ғалымдар дәлелдеген. 

Осылайша, біздер, әйелдер сұлулықтың жолында денсаулығымызды жиі құрбан қылуға жаралғандаймыз. Жақсы жаңалығымыз бар – бактерияға қарсы сабын ылғалдандырушы және жұмсартушы қасиетке ие, ендеше сізге денсаулық пен нәзік терінің бірін таңдау қажеттілігі жоқ.

Жұқпаның көбісі қол арқылы таралатын болғандықтан, індет кезінде бактерияға қарсы сабынды қолдану аса маңызды. 

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent