Пәтердегі шығынсыз белсенді ойындар

Сізге әкелді safeguard
safeguard-paterdegi-sygynsyz-belsendi-ojyndar
Толық қуат пен құлшынысқа бай балалар тынымсыз кішкентай моторға жиі ұқсайды.Олар ойнауды, асыр салуды, жүгіруді және секіруді қалайды. Бірақ, өкінішке орай, біздің пәтерлеріміз оған әркез сәйкес бола бермейді. Өз пәтеріңізді бүлінуден сақтау үшін балалармен қандай белсенді ойын ойнауға болатынын ойластырып көрейік!

Алдымен балалармен шарт жасаңыз. Сіз оларға асыр салу үшін бір бөлмені ғана бөліңіз, басқа бөлмелерде жүгіруге тыйым салыңыз. Олардың бөлмесіне ылғалды жинастыру жасаңыз және мүмкіндігінше кеңістікті кеңейтіп, қауіпті заттарды алып тастаңыз.

Балаларға арналған белсенді ойындар

«Шалшықтар» мен «батпақтар». Еденге «шалшықтар» ретінде қағаз парақтарын жайып, оны баспай бөлменің бір шетінен келесі шетіне мейлінше тез жетуді өтінеміз. Содан кейін ережені өзгертуге болады. Біздің бөлмеміз – бұл батпақ, ал қағаз парақтары – құтқарушы томарлар. Енді керісінше біз парақтарды баса аламыз.

Мобильді телефонды кім жылдам табады. Өз телефонымызды аулақ жерге жасырып, содан кейін өзге телефоннан қоңырау шалып, оны іздейміз! Егер бұл ойын тым жеңіл болса, онда сыннан өткен «ыстық-суық» ойынына ауысуға болады.

Сұрмерген. Бөлменің бір бұрышына себетті немесе үлкен кәстрөлді қойыңыз және қағаздан умаждалған допшалармен оған дәл түсіруге тырысыңыз.

Сөзді ата. Барлық ойыншылар шеңберге тұрады. Бірінші ойыншы балалардың біріне допты лақтырып, атау септігіндегі кез келген зат есімді атайды. Допты ұстаған ойыншы бірден мағынасы сәйкес келетін етістікті атап, допты келесіге лақтырады және жаңа зат есімді айтады. Мысалы, «мысық» сөзіне «мияулайды» сөзі, «шам» сөзіне - «жанады» сөзі сәйкес келеді. Бірден жауап қайтара алмағандар ойыннан шығарылады.

Балаларға арналған ойындар — бұл қашанда болжап болмайтын және шулы сәт. Сондықтан, барлығы ойнап болғасын, солай ынтымақты және көңілді түрде бәріне  қол жуғызуды ұмытпаңыз. Пәтеріміз қанша таза болғанымен де, бактериялардан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан әдеттегі сабынды бактерияға қарсы Safeguard сабынына ауыстырған дұрыс.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз