Суық тию мен тұмаудан қалай аулақ жүруге болады?

Сізге әкелді safeguard
safeguard-suyq-tiju-men-tumaudan-qalaj-aulaq-zuruge-bolady
Далаға шыққанда кімді кездейсоқ кездестіретініңді ешқашан білмейсің. Кейде кездесулер көңілді және ұнамды болса, ал кейде тіпті жағымсыз болып жатады. Ал суық тиюмен және тұмаумен ешкімнің де жолыққысы келмейтіні рас. Олар бізге барлық қоғамдық орындарда құшақ жая ұмтылады! Қане, бактериялар жиналатын аса қауіпті жерлерді қарастырайық және тұмауды қалай жұқтырмау керектігін білейік.

Дүкендердегі арбалардың тұтқасы. Күн сайын оған қаншама адамның жақындайтынын елестетудің өзі қорқынышты! Сондықтан, суық тию мен тұмаудан қорғану үшін, мүмкіндігінше, тұтқаны ылғалды сулықпен сүртіңіз.

Банкоматтар. Банкоматтарды өте сирек тазалайды, сондықтан оның батырмалары қоғамдық дәретханалардан да лас. Автоматты қолданғаннан кейін жалқауланбаңыз, гель немесе сулықтың көмегімен қолыңызды дезинфекциялаңыз. Бактерияларды тасушы аса танымал – ақшаны қолға алған әр кезде солай жасаған дұрыс.

Жұмыс үстелі. Жинастырушы кеңседе еден жуады, бірақ сіздің жұмыс үстеліңізге өте сирек жақындайды. Пернетақтаны, қозғалту тетігі мен телефон тұтқасын сүртуді ұмытпаңыз.  

Теледидарды басқару құрылғысы. Мейманханаға түскенде сізге дейін көп қонақтар пайдаланған теледидардың басқару құрылғысын сүртуге ерінбеңіз.

Спорттық төсеніштер мен снарядтар. Мектептің спорт залдарындағы және фитнес клубтарындағы снарядтар мен төсеніштер бактерияларды тасымалдаушы болуы мүмкін – мектепте вирус бір сағаттың ішінде таралуы ғажап емес! Сондықтан сабақтан кейін қолды міндетті түрде жуыңыз және бұған балаларды үйретіңіз.

Қолды жиі жуыңыз. Жұқпаның 80% дәл қол арқылы жұғады. Суық тиюден қалай алыс жүруге болады? Бетке сирек жанасуға тырысыңыз және даладан келгеннен кейін қолыңызды бірден бактерияға қарсы Safeguard сабынымен жуыңыз.

Матадан жасалған бет орамалды пайдаланбаңыз. Мұндай орамалдарда бактериялар жай ғана өмір сүріп қоймай, жаппай көңілді сайран өткізеді! Оларды қағаз сулықтармен алмастырыңыз және қолданғаннан кейін бірден тастаңыз.

Тіс қылсабы мен сүлгіні жиі ауыстырыңыз. Қараңғы жерде сақталатын сулы тіс қылсабы — бактериялардың көбейетін және вирустардың топтасатын негізгі тұсы.

Суық тию мен тұмау кезеңінде бактериялардың таралуын тоқтатыңыз! 

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent