Емізу жөніндегі аңыздар

Емізу жөніндегі аңыздар

Қазір бала емізу жайлы өтірік-шыны аралас неше түрлі ақпарат бастан асады! Сондықтан жалған ақпаратқа сенбей, өзіңді жаңылдыруға жол берме!

Анетт Кармилофф Смит – философия докторы, Британ академиясының мүшесі, Біріккен Корольдіктің медициналық ғылымдар академиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы:

 

ҚАРАПАЙЫМ АҚИҚАТ

Пікірімен және тәжірибесімен бөлісуге қатты берілген басқа аналардан өткен айларда емізу жөнінде қарама-қайшы кеңестерді естіген шығарсыз. Шынымен барлығы да емізе алмайды, басқаларына қарағанда кейбіреулеріне бұл жеңіл беріледі. Осы ақпараттың кесірінен баланы емізбей қоймаңыз.

 

Жаңсақ ойдың орнына бірнеше дерекке көңіл бөліңіз:

 

Аңыз: омырауы кішкентай әйелдер баланы емізе алмайды.

Шындығы: омырау өлшемі емізуге еш әсер етпейді.

 

Аңыз: анаңыз (әпкеңіз) емізе алмаған болса, онда сіз де емізе алмайсыз.

Шындығы: мыңдаған әйелдердің кейбіреулері шынымен емізе алмайды. Бірақ тұқым қуалаушылықтың бұған қатысы жоқ. Егер әйел дұрыс нұсқаулық алмаса және алғашқы шешуші аптада қолдау көрмесе, емізумен байланысты көптеген қиындықтар туындайды.

 

Аңыз: омыраумен емізгенде әрдайым ауырады.

Шындығы: емізудің алғашқы екі аптасында немесе соның шамасында жайсыздық сезілетіні рас. Омырау ұшына сезімталдығы басылып, жаңа жұмысқа үйренгенше уақыт керек. Кейде омырауыңыз сүтке толып кетеді. Бұл жайсыздықты жеңудің көптеген әдістері бар, сондықтан шыдамдылық  танытқаныңыз дұрыс. Бала омырауды дұрыстап ала бастағанда (және акушер дәрігер бір келгенінде осыған көз жеткізгенде) омырауыңыз осыған бейімделіп, барлығы да өз орнына келеді де, баланы емізу сізге әдепкі қалып болып, екеуіңіз де жақсы сезінетін боласыз.

 

Аңыз: омырау ұштары емізер алдында қатты болуы тиіс.

Шындығы: омырау ұшын уқалау әдеттенуге көмектесуі мүмкін, егер омырауыңыздың ұшы созылған болса ғана дайындық қажет болады. Күмәндансаңыз, дәрігермен сөйлесіңіз. Омыраумен емізудің ең жақсы дайындығы – сіз бен балаңыздың араңыздағы жақындықты күту, әрине. Емізу алдында немесе одан кейін баланың Pampers жөргегін ауыстыруды ұмытпаңыз. Анаңыздан алған барлық жақсылықтарды есіңізге түсіріңіз де, жамандық туралы жайттарды ұмытыңыз. Егер омыраумен еміземін деп жоспарласаңыз немесе осы жөнінде ойлайтын болсаңыз, уақыт келгенде өзіңізді соған қалыптастырып үйретіңіз.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent