Баланы мектепке қалай дайындау керек: қажетті заттар тізімі

Баланы мектепке қалай дайындау керек: қажетті заттар тізімі

Қыркүйек жақындай түссе, «Мектепке не керек?» деген сұрақ мазалайды. Тамыздың соңында қырғын кезекте ұзақ тұрмау үшін ертерек қамданған жөн.

Алдымен балаңызбен бірге отырып, бір парақ қағаз алыңыз да, мектепке керек заттардың тізімін жасаңыз. Одан кейін оны тексеріп шығып, заттардың қайсысы бар екенін анықтаңыз. Өйткені егер балаңыз кезекті сыныпқа көшкен болса, өткен жылдан әлдебір заттардың қалып қойғаны сөзсіз. Мұндай заттарды плюспен белгілеп қоюға болады. Одан кейін заттардың қайсысын өзіңіз сатып ала алатыныңызды және қайсысын тек балаңызбен бірге сатып алу керектігін шешіңіз.

Мектепке қажетті керек-жарақтардың жобаланған тізімі:

  • Киім. Барлық балалар бірінші қыркүйекте мектепке жаңа киіммен келгенді жақсы көреді.

  • Аяқ киім

  • Спорттық киім мен аяқ киім

  • Рюкзак (арқа қоржын)

  • Дәптерлер

  • Қаламсауыт

  • Қаламсаптар, қарындаштар, фломастерлер, маркерлер, өшіргіш

  • Оқулықтар (кітапханада берілмейтін оқулықтар)

  • Күнделік

  • Қойын дәптерлер

  • Кітап пен дәптер тыстары

  • Сызғыштар, циркуль, үшбұрышты сызғыштар жиынтығы, транспортир

  • Желім

  • Қалам ұштағыш

  • Акварель бояулар, қылқаламдар

  • Қайшы

  • Сурет салуға арналған альбом

 

Мектеп керек-жарақтарынан қалай үнемдеуге болады?

Мектепке бару үшін қажетті заттардың барлығын сатып алу шығынға батыратын шараға айналуы мүмкін екенін барлық ата-аналар біледі. Егер Сіз біршама үнемдегіңіз келсе:

  • Өткен жылдан қандай заттардың қалғанын қарап көріңіз.

  • Үлкен супермаркеттерден сатып алыңыз, бұл ретте жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстарға назар аударыңыз.

  • Тізімдегі заттарды ғана сатып алыңыз және артық нәрсе алмаңыз.

  • Балалармен ымыраға келіңіз. Әрине, балалар әдемі дәптерлерімен, қаламсауыттарымен және басқа да қызықты заттарымен сыныптастарының алдында мақтанғысы келеді. Бірақ егер біз олардың айтқанына көніп, айдауына жүретін болсақ, көп ұзамай шығынға батуымыз ғажап емес. Сондықтан балаңызбен мынадай келісімге келіңіз: кейбір нәрселерді ол өз қалауы бойынша таңдайды, ал кейбірін Сіз таңдайсыз.

  • Көтерме саудамен сатып алыңыз. Егер Сіз басқа оқушылардың ата-аналарымен бірігіп алатын болсаңыз, кейбір заттарды көтерме сауда дүкендерінде сатып алып, кейіннен оларды бөліскен орынды болады.

 

Және де мынаны ұмытпаңыз – жаңа әдемі дәптерлер, қаламсаптар, қарындаштар және басқа да мектеп керек-жарақтары – бала үшін жаңа оқу жылының маңызды бөлігі. Балаңыз мектепке жақсы көңіл-күймен баруы үшін бұған байсалдылықпен қарауға тырысыңыз!

 

Ал Сіз 1-ші қыркүйекке дайындала бастадыңыз ба?

Сізге ұнайды деп ойлаймыз