Балаларды пайдалы әдеттерге дағдыландырамыз

Сізге әкелді safeguard
safeguard-balalardy-pajdaly-adetterge-dagdylandyramyz
Біз күн сайын тәулігіне 24 сағат бойы балаларымыздың жанында бола алмаймыз, бір күні оларды қоршаған әлемді өздігінен зерттеуге жіберуімізге тура келеді.

Бірақ сіз балаңыз өзіне қамқорлық жасай алатындай және өзін қауіпсіз сезіне алатындай ете аласыз. Бұл үшін сіз оны неғұрлым ертерек пайдалы әдеттерге дағдыландыруыңыз қажет. Бұны қалай жасаймыз? Сабырлы болыңыз және бәрін ойын түрінде жасаңыз!  

Қолды тұрақты жуу әдеті

Микробтар көзге көрінбейтіндіктен, қолда көптеген қауіпті бактериялардың болатынын балалардың түсінуі қиын шығар. Олар лас шалшық пен жабысқақ тамаққа жақындағанда кірленген қолды жуу керек екенін біледі, бірақ, тіпті таза көрінген қолды да жуу қажеттігі оларға түсініксіз көрінуі мүмкін. Кішігірім тәжірибе өткізіп көріңіз: балаңыздың сулы қолына жылтыр опаны себіңіз және одан ойыншықтарды ұстап, содан кейін қол алысуды өтініңіз. Бактериялар да - осындай жылтыр, тек олардың ұсақ екенін, сондықтан оларды көре алмайтынымызды балаңызға айтыңыз. Енді қолдарыңызды бірге жуыңыздар. Көз жеткізу үшін алдымен қолды сабынсыз жуыңыз, бұның жеткіліксіз екендігі байқалып, жылтыр «бактериялар» қолға «жайғасуын» жалғастыра береді, содан кейін оған Safeguard балалар көпіршігін беріңіз және әрбір қолын жақсылап жуыңыз. Балаңызға қауіпті жаулар – микробтармен күресуші Командор Safeguard  - ғажап батыр туралы айтыңыз. Cәбиіңіз мүмкін бұл күреске өз көмегін тигізетін болар – мұнда ол тек қолды тұрақты жуып, жуылмаған жемістер мен көкөністерді жемесе болғаны.

Таңертең және кешке тісті тазалау әдеті

Міндетті орындау балаға қызықсыз, ал ойнау – көңілді. Сондықтан, егер балаңызға тіс тазалауды үйреткіңіз келсе, қызықты ертегі-ойын ойлап табыңыз. Оған әдемі тіс қылсабын сатып алыңыз және қылсапқа ат қойыңыз. Ол оның тістеріне сиқырлы сусын сыйлау үшін күніне екі рет қонаққа келетін ертегі перизаты болуы мүмкін. Бұл оқиғаны жіберіп алуға болмайды. Сиқырлы сусынсыз тістер өзінің ғажап күшінен айырылады және жауыз да зұлым Тісжегінің құрбанына айналуы ғажап емес.

Таңертең жаттығу жасау әдеті

Кішкентай балалардың қуаты бұлақ сияқты, біздің міндетіміз оны қажетті арнаға бұру ғана. Бас кезінде жаттығуды бірге жасауға болады. Балдырғандарға сіздің жасағандарыңызды жай ғана қайталауға тырысу қызықты көрінеді, ал жасы үлкен балаларға – тапсырманы орындап, олар үшін жүлде алған маңызды. Уақыт өткен сайын бала жаттығу жасауға үйреніп, бұдан рақат ала бастайды.

Пайдалы тамақ жеу әдеті

Қандай тамақты жеген пайдалы, қайсысынан аулақ жүрген дұрыс екенін балаларға неғұрлым ерте түсіндірсеңіз, соғұрлым олар сау болып өседі. Сіз ертегілер мен мультфильмдердегі олардың сүйікті батырларының бейнесінде бола аласыз. Ерекше адам сияқты күшті, епті де мүсінді болғың келе ме? Ботқа мен балғын көкөністер жеу керек. Күлбике немесе Қаршақыз сияқты әдемі болуды армандайсың ба? Қытырлақ жеуді және газды тәтті сусынды ішкенді доғар.

Балаларды пайдалы әдеттерге дағдыландыра отырып, сіз олардың болашақтағы денсаулығына қамқорлық жасайсыз! 

Сізге ұнайды деп ойлаймыз