Ұялы телефонды балалардан қалай қорғаса болады

Ұялы телефонды балалардан қалай қорғаса болады

Балаңыз телефоныңыздан Twitter мен Facebook кіріп, хат жазып, бағдарлама сатып алып, біраз нәрсе бүлдірді ме? Телефонды қорғайтын кез келді.

Телефонды баладан қалай қорғауға болатыны жөніндегі бірнеше қарапайым кеңес:

1. Резервтік көшірме.

Оқтын-оқтын телефоныңыздағы барлық маңызды ақпараттың резервтік көшірмесін жасап отыруды ұмытпаңыз. Бұл бала оны тас еденге немесе шай құйылған кесеге кездейсоқ түсіріп алған жағдайда, жоғалтып немесе бөтен адамға сыйға тартқан жағдайда қолайлы болады.

2. Find My Phone бағдарламасын орнатыңыз.

Осыған ұқсас бағдарламалар смартфондардың барлық түрлерінде бар. Олар телефонға қоңырау шалып және картадан оның орналасу орнын қарап қана қоймай, сонымен қатар оны бұғаттап, барлық маңызды ақпаратты өшіруге де мүмкіндік береді.

3. Құпия сөзді орнатыңыз.

Енгізбейінше жаңа бағдарламаларды жүктеуге болмайтын, баптауларға және жеке деректерге өзгеріс енгізу мүмкіндігін бермейтін құпия сөздерді орната аласыз.

4. Қорғаныс қабы туралы да ұмытпаңыз.

Егер балаңыз телефоныңызды жиі алатын болса, қорғаныс қабын сатып алу – орынсыз зат емес, қажетті зат екенін біліңіз. Қазір телефонға қауіпсіздік жастығы бола алатын жұмсақ ойыншық түріндегі қаптар пайда болды.

5. Ұшу режимі.

Егер бала өзінің сүйікті ойынын ойнау үшін телефоныңызды сұрайтын болса, телефонда «ұшу режимін» қосыңыз. Осылайша ешкімге қоңырау шала алмайды немесе интернетке кіре алмайтын болады.

6. Ереже орнатыңыз.

Бала өскен сайын нені жасауға болатынын, ал нені жасауға болмайтынын білуі тиіс. Сондықтан, баламен келісімге келіп, телефоныңызды қалайша қолдануға болатынын айтыңыз.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent