Бақытты сәттерді қалай есте сақтау керек

DesktopImage
Еске түсіру айқын болу үшін иістерді пайдаланыңыз!

Сіз Пруст феномені жайында естігеніңіз бар ма? Естімесеңіз де, оның әсерін анық сезіп көрдіңіз және бірнеше рет болар! Бұл феномен жаңа ғана піскен тортшалар иісінен пайда болған балалық шақтағы естеліктер туралы роман жазған белгілі француз жазушысы Марсель Прусттың құрметіне аталған!

Осындай жағдайды бәрі де бастан кешкен болар: сен ойға шомып, өз уайымдарыңды ойлап, көшеде келе жатырсың, кенеттен бақытты сәттерің есіңе түсе бастайды. Кейде біз не болғанын бірден түсіне қоймаймыз. Жай ғана жанымыздан таныс парфюм сепкен қыз немесе ер азамат өтті немесе нан дүкенінен әжеміз пісіргендей жаңа піскен даршын қосылған тоқаштың иісі аңқып кетті.

Иістердің 50 миллион иіс сезу рецепторларына әсер ететінін және маңызды оқиғаны күшті эмоцияларға бояйтынын ғалымдар дәлелдеді. Бұдан бөлек, зерттеушілер иістер визуалды көрініспен салыстырғанда естеліктермен анағұрлым берік байланыс береді деген қорытындыға келді. Хош иістер бәрін егжей-тегжейіне дейін есте сақтап қалуға көмектеседі. Жылдар өте келе, таныс иісті сезген кезде жадымызда сақталып қалған естеліктің қайта жаңғыру батырмасы басылып кеткендей болады. Осылайша, әжеміз пісірген тоқаш иісі таныс дәмді есімізге түсіріп қана қоймай, әжеміздің асүйіндегі тұсқағаздың түсін, дастарқанындағы өрнекті, сағаттың тықылдаған дыбысын және, әрине, әжеміздің дауысын, оның мейірімі мен жылулығын есімізге түсіреді.

Осылайша, иістерді уақыт машинасы ретінде де пайдалануға болады. Естеліктер толқынында тербеліп, саяхаттағыңыз келе ме? Жай ғана қажетті хош иісті иіскеңіз. Осы механизмдерді біле отырып, Сіз өзіңіздің жеке иістер мұражайыңызды жасай отырып, оларды күнделікті өмірде пайдала аласыз.
Осылайша, саяхатқа шығар алдында, осы сапарға мәңгілік байланып қалатын жаңа парфюмді немесе денеге арналған кремді алып барыңыз. Ал отбасылық естеліктерді сақтап қалу үшін, Lenor кір жууға арналған кондиционерін пайдаланыңыз. Сіз жаныңызға жайлы хош иісті таңдап, ол жақын адамдарыңыз туралы естеліктерді мәңгі-бақи сақтап қалатынын білетін боласыз.

Хош иісті естеліктер жасаңыз да, оларды қайта-қайта бастан өткізіңіз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent