Наурыз мейрамына арналған соны құттықтаулар: 7 идея

Наурыз мейрамына арналған соны құттықтаулар: 7 идея

Наурыз «көктемгі жаңғыру» дегенді білдіреді, алайда біздер үшін ол молшылық, достық пен махаббат секілді өмірдің жаңару белгісі.

Осы күні біз үйімізді реттестіруге тырысамыз, өйткені, егер Наурыз таза үйге келсе, барлық сәтсіздіктер бізді айналып өтеді деп есептеледі. Біздер меймандарды асыға күтеміз және сүйікті жандарды жылы да шырайлы құттықтаулармен қуантып, өзіміз де шын көңілмен қонаққа барамыз! 
Бұл күні жақындарымызды қалай айрықша құттықтауға болады? Қазір айтамыз! Осы жағдайға сәйкес біз сіздер үшін бірнеше қызықты ойларды жинастырдық!

 1. Поштамен ашықхат
Қазір «Поштаңды қара» деген сөз естісек, компьютерімізді қосамыз, поштаңыздан нағыз қағаз ашықхат алу – бұл енді кішігірім ғажайып нәрсе! Ендеше оны өз достарымыз бен туыстарымызға сыйлайық. Олар шалғайда тұрса да бәрібір, сіз ашықхатты, тіпті, көрші үйге де жібере аласыз!

 2. Құттықтаулар құтысы
Жыл бойы қуаныш сыйлау мүмкіндігі тұрғанда жалғыз құттықтаумен шектеліп, сараңдық танытудың қажеті қанша! Үлкен 3 литрлік құтыны алыңыз және келесі Наурызға дейін жететіндей оның ішіне әр күні құттықтаулар жазылған кішкене қағаздарды салыңыз.

 3. Құттықтаулар серпантині
Мерекелік серпантинге махаббат, бақыт, жылу мен өркендеу тілектеріңізді жазып, оны ширатыңыз да, жақын адамыңызға лақтырыңыз!

4. Пошташы үй жануары
Егер үйіңізде ит немесе мысық бар болса, онда оларды пошташы ретінде пайдалануға болады. Ашықхатқа құттықтауларыңызды жазыңыз да, хатқалтаға  салып, оны үй жануарының қарғыбауына бекітіңіз. Ал енді сізге отбасы мүшелерінің қайсысы алғашқы болып ерекше құттықтауды алатынын күту ғана қалды!

 5. Tілектер ағашы
Гүлдер мен ағаштар – мерекелердің ежелден жалғасқан белгісі.  Сол себепті, сүйікті ағашыңызды тілектер жазылған таспалармен безендіру немесе жақын адамыңызға кішігірім құттықтау ашықхатымен әрленген қышқұмырадағы гүлді сыйлау өте орынды болмақ.

 6. Бейне-құттықтау
Сізден алыс тұратын және көптен бері жүздеспеген жандарды құттықтау үшін осы заманғы технологияны пайдаланыңыз. Отбасыңыздың барлық мүшелерін жинаңыз да, бейне-құттықтау жазыңыз. Мұндай жеке амал анығында ешкімді де бейжай қалдырмайды.

 7. Әуе шарларындағы құттықтау
Әуе шарларын үрлеместен бұрын ішіне құттықтаулар жазылған бүктелген кішкене қағаздарды салыңыз!
Наурыз құтты болсын! 

Сізге ұнайды деп ойлаймыз