Саяхатшыларға арналған кеңестер: сапарыңызды қалай жағымды етуге болады?

Саяхатшыларға арналған кеңестер: сапарыңызды қалай жағымды етуге болады?

Саяхатқа жиналғанда қиындығы көп ұшу мен жол жүруді артта қалдырып, бір сәтте қалаған жерге апара салатын сиқырлы таяқшамыздың жоқтығын-ай.

Мүмкін оны да бір күні ойлап табатын шығар, ал әзірге өзіңізді сапарда барынша жайлы сезіну үшін біздің туристерге арналған кеңестерімізді есте сақтаңыз.

Үздіксіз қозғалыс

Бір орында ұзақ отырғанымызда қан тұрып қалады, аяқ пен арқа ұйып және ауыра бастайды. Сондықтан, мүмкіндікке қарай орныңыздан тұрыңыз және жүріңіз немесе ең болмағанда, денеңіздің қалпын өзгертіңіз.

Ыңғайлы қалып

Сымбатыңыз туралы ұмытпаңыз: омыртқаға түсетін күшті кеміту үшін арқалыққа сүйеніңіз немесе түзу отыруға тырысыңыз. Беліңіздің астына кішкене жастықшаны немесе көрпені қойыңыз – бұл арқаның табиғи иілімін сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ сәл жоғары тұруы үшін аяғыңыздың да астына сондай заттарды қойып көріңіз. Олардың ұюы осылайша азаяды. Егер бойыңыз және аяқтарыңыз ұзын болса, онда ұшақта орындықтардың арасы кеңірек қосалқы есіктің жанындағы орынды таңдауға тырысыңыз.

Пайдалы жаттығулар

Егер ұзақ сапарда немесе ұшақпен ұшқанда қимылдауға мүмкіндік табылмаса, онда орныңыздан тұрмай-ақ қарапайым жаттығуларды жасаңыз:

  • Қолыңызды жоғары созыңыз да, жаймен тартылыңыз.
  • Табаныңызды алдымен бір жаққа, содан соң келесі жаққа айналдырыңыз.
  • Тізеңізді кеудеге бірнеше рет жеткізіңіз.
  • Басыңызды жан-жаққа бұрыңыз.
  • Басыңызды қолмен алдымен бір иыққа, содан соң келесісіне тигізіңіз.

Бұл жаттығуларды шамамен сағатына бір рет жасаңыз. Ең жақсысы дәретханаға барып, есікке қолыңызды тіреп тұрып, арқаңызды созыңыз.  

Пайдалы керек-жарақтар

Сапар жайлы болуы үшін жолға бірнеше пайдалы керек-жарақтарды алыңыз:

  • Әсіресе, егер сіз түнгі уақытта ұшатын болсаңыз және ұйқыңыз келсе, мойынға арналған жастықша таптырмайтын зат. Бірақ, сізде қарсы көрсетімнің жоғына көз жеткізіп алыңыз, өйткені, мұндай жастықшалар мойын омыртқасын қысады. Сондықтан, оны алдымен үйде тексеріп көрген абзал.
  • Құлаққап. Ұйқыға кедергі келтіруші дыбыстан қорғану үшін оларды алуды да ұмытпаған жөн.
  • Ыңғайлы шұлықтар. Аяқтардың демалуы үшін аяқ киіміңізді шешіп, жайлы сезінетін шұлықты киген дұрыс.
  • Көзге арналған таңғыш сіздің тыныш ұйықтауыңызға көмектеседі.

Босаңсу және демалу

Жолдағы уақытыңызды босаңсу мен демалуға жұмсаңыз. Өзіңізбен бірге кітап ала жүріңіз немесе дыбыстық кітап пен сүйікті әуендеріңізді жазып алыңыз. Ноутбуктен фильм қараңыз немесе ойын ойнаңыз. Ал ішімдіктен аулақ жүрген жөн. Жоғары биіктікте ішімдіктің әсері артатынын, ұйқының бұзылып, шөлдеуге алып келетінін зерттеулер дәлелдеген.

 

Сапарыңыз сәтті болсын! 

Құттықтаймыз, Сіз бірінші пазлды таптыңыз

Екінші пазлды табу

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent